Кел, төрлет, құтты менің Жаңа жылым!
1 - жүргізуші: Иманғали
Бүгін бәрі өзгерек,
Жарқын күлкі, сөз бөлек
Тілек айтып, күттік біз,
Кел, Жаңа жыл төрле! – деп
2 - жүргізуші: Жеңісбек
Жаңа жылда жасарған
Жаңа шырша жас арман
Жалт - жалт етіп көрінер
Аппақ әлем құлпырған
Қымбатты бүгінгі жаңа жылдық кешімізге келген қонақтар!
1 - жүргізуші: Иманғали
Армысыздар, бармысыздар құрметті халайық! Жылдағы дәстүрмен жаңа жылды думандатып, жырлатып қарсы алу үшін әсем шырша қасына жиналып қалыппыз. Қош келдіңіздер!
Екеуі бірге: Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!
2 - жүргізуші: Жеңісбек
Құрметті қонақтар, сүйікті балалар! Жаңа жыл құтты болсын! Әр адам келер жылдан үміт күтіп, оны ақ тілекпен, ақ ниетпен қарсы алады.
1 - жүргізуші: Иманғали
Міне, біздің асыға күткен жаңа жылымыз да табалдырықтан аттағалы тұр. Бәріңізге де жаңа жыл – бақыт жылы, бейбіт жыл болсын!
Осы кезде ортаға клоун шығады.
2 - жүргізуші: Жеңісбек
Қанеки балалар, Аяз ата мен Ақшақарды қарсы алайық!
Аяз ата мен Ақшақар келеді.
1 - жүргізуші: Иманғали
Аяз ата, Ақшақар қош келдіңіздер! Біздің балалар сізді сыйлығы мол Аяз атаны асыға күтуде. Сіздерді көрмеген бір жылда сағынып қалдық. Сіздермен қауышу қуанышына ұл - қыздарыңыз ән - күй, биден шашу даярлап келіпті.
Ән: Қош келдің, Жаңа жыл . Әділет, Сәулет, Назым.
2 - жүргізуші: Жеңісбек
Аяз ата! Көрдіңіз бе? Бүгін жаңа жылға жиналған балалардың бәрі көрікті, бәрі де көңілді. Осы тойдың Ақ патшасы өзіңіз Аяз ата. Асу - асу жерлерден шаршап келдіңіз, көңіл көтеріңіз, ән тыңдаңыз, балалардың биіне бірге билеңіз. Ендеше сыныбымыздың биші ұл - қыздарының жастар биін тамашалайық!
1 - жүргізуші: Иманғали
Жеңісбек, өткен жылға өкпең жоқ шығар, 2018 жыл сені несімен қуантты?
2 - жүргізуші: Жеңісбек
Әрине, Иманғали, өткен жылға өкпем жоқ, 2018 жыл біз үшін ерекше жыл болды. Себебі: ең басты жаңалық, біз бастауыш сыныпты ойдағыдай аяқтап, азамат атанып, жоғары бесінші сыныпқа өтіп, жаңа ұстазымыз Жанар апаймен табыстық.
1 - жүргізуші: Иманғали
Ия, Жеңісбек, әрине ескі жыл біз үшін жаман болған жоқ. Ендеше алғысымызды айтып шығарып салу үшін ортаға Ескі жылды қошеметпен қарсы алайық!
Ескі жыл шығып: Балалар ортаға жаңа жылды алып келдім.
Қоштасады.
Жаңа жыл айтады. Осыдан соң музыка ойналып, ескі жылды шығарып салады.
2 - жүргізуші: Жеңісбек
Аяз ата, келесі орындауда ән, Иманғали Туған жер .
1 - жүргізуші: Иманғали
Аяз ата, келесі орындауда сыныбымыздың қыздарының Үнді биін қарсы алайық.
2 - жүргізуші: Жеңісбек
Әсем екен әндері,
Әй - әй екен сөздері,
Шыршалары көк екен
Көңілдері тоқ екен
Мұндай жақсы балалар
Ай жұлдызға пара - пар
Бола қоймас бізге айып
Тақпақтарын тыңдайық.
Тақпақтар айту.
Аяз ата, келесі орындауда сыныбымыздың биші қыздарының биін тамашалайық. Қызыл өрік . Қарсы алыңыздар!
1 - жүргізуші: Иманғали
Жаңа жылым - әсемсің
Гүл өндірер түзге де
Әр сәті бақ әкелсін
Ұстаздарым сізге де, - дей келе мерекелік құттықтау сөз кезегін сынып жетекшіміз Жанар апайға береміз.
Тілек айтылады және ата - аналармен ойын ойнау.
2 - жүргізуші: Жеңісбек
Біздерде ойын - сауық жалғасады
Тамаша күй тартылып, ән салады
Қошеметтеп, қол соғып отырайық
Ұмытарсыз жыл бойғы шаршағанды.
1 - жүргізуші: Иманғали
Ендеше, Жеңісбек, ортаға сыныбымыздың өнерлі баласы Батырбек Мұхтардың өнерін тамашалайық: Мультфильмнен көрініс.
2 - жүргізуші: Жеңісбек
Аяз ата, біздің балалардың билері, өнерлері сізге ұнап жатыр ма? Біздің балалардың бәрі өнерлі. Ортаға Аружан мен Әлияның орындауында Ақжайнақ әні.
1 - жүргізуші: Иманғали
Жеңісбек, біздің сыныптың ұлдарының да КВН көрсеткісі келіп тұр, тамашалап көрсек қайтеді.
2 - жүргізуші: Жеңісбек
Ендеше ортада сыныбымыздың ұлдарынан құралған әзілкештер тобы. Қарсы алайық! КВН: Иманғали, Әділет, Бақытқали.
1 - жүргізуші: Иманғали
Сүйсінтеді бишілердің қимылы
Шеттерінен жайнап тұрған қыр гүлі
Билерінен мін таппайсың бірде - бір
Құдайдың шын таңғажайып сыйлығы.
Ортада сыныбымыздың биші қыздары. Носса биі.
Ал, балалар, Аяз ата мен Ақшақарды шығарып салайық!
Иманғали, Жеңісбек:
Аяз ата, Ақшақар! Келесі жылы Жаңа жылға дейін сау болып тұрыңдар!
2 - жүргізуші: Жеңісбек
Кел жаңа жыл, жаңа жыл
Саған әзір жаңа жыр
Елге табыс, жақсылық
Ала келші жаңа жыл!
1 - жүргізуші: Иманғали
Құрметті қонақтар! Осымен жаңа жылдық думанды кешіміз аяқталды. Сау болыңыздар!
Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы
№24 мектеп қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:
Есенжолова Жанаркүл Ақниетқызы