Көңілді старт
Мақсаты: Оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларға денсаулықтың қадірін бағалы байлық екенін және оны сақтаудың жолдарын түсіндіру.
Дамытушылық: Жылдамдыққа мергендік және күш төзімділігін шыңдау.
Өтетін орны: Спорт зал.
Қатысатындар: 6 - 7 сыныптар.
Топ құрамы: 3 ұл, 3 қыз.
Ұпайлық өлшем: 1, 2, 3, 4, 5.
Керекті құрал - жабдықтар: 4 теннис ракеткасы, 4 секіртпе, 4 шарик, 4 скейтборд, 20 картоп, 20 кеглілер, 4 самакат, 24 шарлар.
Сапқа тұру. Баяндау. Әнұран. Құттықтау сөз мектеп әкімшілігіне беріледі.
Жарыстың шартымен әділ қазылармен таныстыру.
1) Топ аты
2) Ұраны
3) Эмблема
4) Қабырға газеті
1. Теннис: теннис ракеткасымен шарикті қаға отырып, түсірмей межелі жерді айналып шығу
2. Cекіртпе: Секіртпемен секіріп жүгіріп барып, белгіленген жердегі шелектен допты алып, оны себетке тастау. Хасенова Аружанның орындауында Той жыры әні
3. Теңге алу: Скейтбордте бірі отырып, екіншісі иығынан алға итере отырып, кіші шелектегі шариктерді қағып алып, межелі жерден қайту
4. Картоп егу: шелектегі картоптарды кегілі түптеріне 1 - ден қойып кетеді, келесі оқушы оларды шелекке жинап алады. Бекқазиев Бекзаттың орындауында Мен қазақпын әні
5. Мергендер: Самакатпен межелі жерге барып, ондағы дротикпен ілулі тұрған шарды жару.
6. Викториналық сұрақтар:
1. Ми жұмысына арналған қазақтың спорт түрі? тоғызқұмалақ
2. 1980 ж Мәскеу Олимпиадасында грек - рим күресінен алтыннан алқа таққан қазақ азаматы кім? Ж. Үшкемпіров
3. Қазақтың ұттық спорт түрлері: Тоғызқұмалақ, көкпар, бәйге, теңге алу, аударыспақ, жамбы ату, қазақша күрес, жорға жарыс
4. Бекзат Саттарханов 2005 ж Сиднейдегі жеңісін неге арнады? Түркістан қаласының 1500 жылдығына
5. Лондон Олимпиадасында Баркер кубогін иеленген боксшы? Серік Сапиев
6. Осы Олимпиадада Қазақстанның қоржынына алғашқы болып алтын алған велошабандоз? Венокуров
7. Ауыр атлетикадан алтын алған алқаға ие болған Қазақстандықтар?
Чиншалло, М. Манезо, С. Подабедова, И. Ильин
7. Арқан тарту шарты: Қарсылас топты тартып белгіленген сызықтан шығару.
Қорытынды: Барлық жарысқа қатысушы топтар сапқа тұрғызылып, қорытындылау сөз әділ - қазыларға беріледі. Ол кісілер жарыстың бағасын шығарып 1, 2, 3 орын алған топтарды атап, марапаттау дипломдарын тапсырады.