Қамыр ішіне салуға:Қырыққабат - 0, 5 кгПияз - 1 басСәбіз - 1 басКөк пияз - 1 басСұйық май қуыру үшінЕң алдымен көкөністерді тазалап, тез пісетіндей майдалау етіп турап, табаға май құйып 2 - 3 минут қуырып отты жай басып 10 - 15 минут бұқтырып қойыңыз

Скачать

Қамыр ішіне салуға:
Қырыққабат – 0,5 кг
Пияз – 1 бас
Сәбіз – 1 бас
Көк пияз – 1 бас
Сұйық май қуыру үшін

Ең алдымен көкөністерді тазалап, тез пісетіндей майдалау етіп турап, табаға май құйып 2-3 минут қуырып отты жай басып 10-15 минут бұқтырып қойыңыз. Піскен соң салқын жерге шығарып қойыңыз.

Қамырының құрамы:
Ұн – 2 стакан
Су – 0,5 стакан
Сұйық май – 100 мл
Жұмыртқа – 1 бас
Тұз – 1 шай қасық
Шекер – жарты шай қасық

Қамыр илеу үшін алдымен ұнды електен өткізіңіз. Жұмыртқаны бөлек ыдысқа салып тұз, шекер, сұйық май, суды құйып араластырып алыңыз. Дайын сұйықтықты ұнның үстіне аздап құйып тұрып, қолға жабыспайтындай етіп жұмсақтау қамыр илеңіз. Қамырды 3-5 минут демалдырыңыз да майда бөліктерге бөліңіз. Майда бөліктерді жайып, дөңгелек етіп жайыңыз, бір шетіне 1 ас қасық қырыққабаттан дайындалған фаршты салып, қамырдың екі жағын бүктеп ораңыз.
Табаның ішінде қатарымен қойып шығыңыз, бетіне жұмыртқа сарысын жағып күнжүт дәнін себуге болады. Алдын ала қыздырып қойған пеште (200 градус) 15-20 минут пісіреді. Қамырды осы рецепт бойынша дайындап, фаршты қалауыңызша жасауыңызға болады, мысалы: асқабақ, еттен дайындауға болады.

Суретімен қарау


Скачать


zharar.kz