Сүзге ханым. Қазақ тарихындағы әйелдер.
Сүзге ханым 1548-1582 жылдар аралығында өмір сүрген. Қасым ханның кеңесшісі Мейрамсопының кенже немересі. Сүзгеннің әкесі Төртуыл елінің билеушісі – Сүйіндік би. 1563 жылы Көшім ханға ұзатылады, оның төртінші әйелі. Олардың Баймұрат, Бердімұрат, Көбеймұрат атты ұлдары болған. Сүзге ханымға арнап, сегіз сарайлы қала салған деседі. Бұл қала Сүзге – Тура деп аталған екен. Сүзге атты дастан жазған П. Ершов Көшім ханның оған оңаша сарай-қамал салып бергендігін, оны апамыздың есімімен атағанын, ханшайымның сарайдағы өмірін жырлайды: Вся земля пируют лето, Вся Сибирь пирует лето. Но на всей земле Сибирьской Нет прекраснее Сузгуна, Где живет луна-царица Черноглазая Сузге...
Қазір бұл қала жоқ. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдары Тобыл қаласынан солтүстікке қарай теміржол төселгенде сарай-қамалды да, ол салынған төбені де жермен-жексен қылып, тегістеп тастапты. Алайда сарайын жердің бетінен жоқ етіп, жойып жіберсе де, ханшайымның есімін құрта алмады. Бұл күндері сол жердегі теміржол бекеті Сузгун деп аталады.
Сүзгеннің мерген, садақшы, желаяқ, суда жүзгенде, қайық ескенде, ағаштан-ағашқа секіргенде, ат құлағында ойнағанда сабаздығы басым болған екен.