Қыстырма сөздерді орынды қолдана білуге дағдыландыру

Скачать

Қазақ тілі 4 сынып
Тақырыбы: Қыстырма сөздер

Мақсаты: Қыстырма сөздердің сөйлем ішіндегі атқаратын рөлін, жалпы ойға қосатын әртүрлі мағыналық реңтерін байқату, сөйлем ішінен қыстырма сөздерді таба білуге, қыстырма сөздердің тыныс белгілерін дұрыс қоя білуге үйрету. Қыстырма сөздерді орынды қолдана білуге дағдыландыру. Дұрыс, мәдениетті сөйлеуге тәрбиелеу.
Міндеттері:  Жаттығу жұмыстарын орындата отырып, қыстырма сөздің сөйлемдегі ойға қосатын мағыналық реңктерін ажырата білуге үйрету;
 оқушылардың сөйлеу мәдениетін арттыру, ой қорыту, пікір айту дағдыларын жетілдіру.
Күтілетін нәтиже:  топтық жұмыс арқылы оқушылар өзіндік ізденіске бағыттап, шығармашылықпен жұмыс істеу дағдылары артады;
 жаттығу жұмыстарын талдау арқылы еркін ойлау, өз көзқарасын жеткізу, дәлелдей білу, өзгені тыңдау, тұжырым жасай білу қабілеттері жетіледі;
 әр оқушы өз - өзіне баға береді, өзіндік пайымын жасайды, тәрбиелік, тағылымдық мәнін ұғынады.
Түйінді түсініктер: мағынаны үстемелеу, қолдау, жорамал, пікір, сенім, сөйлем мүшесі бола алмайды.

І Кіріспе
Мен сенің бойыңнан мына қасиеттерді көргім келеді... (өз - өзіңе сенім, бір - біріңе қолдау көрсету, кез - келген затқа жорамал жасау, өз пікіріңді ортаға салу ) тренингі арқылы топқа бөлемін.
(оқушылар мұғалімнің қолындағы адамның әр түрлі қасиеттері жазылған парақшаларды суыру арқылы топқа бөлінеді, қасиеттері бірдей оқушылар бір топқа жайғасады)

Алдын - ала бағалау парақтары ұсынылады.
Оқушылар өзара бағалау әдісімен жұмыстанады.

Жұптық, топтық жұмыс
І - ІІ топ:
Аа дыбысынан басталатын сөздер құрау:
Зат есім
Сын есім
Сан есім
Етістік

ІІІ - ІҮ топ:
Аа дыбысынан басталатын жеміс атауларын жазып, сөздерден сөйлем құрау. Сөйлем мүшелеріне талдау

Негізгі сабақ
Бәріміз бірге кезеңі, 1 - жаттығу жаңа сабақты түсінуге дайындық жұмысы ретінде орындалады. Екі бағандағы сөйлемдерді салыстыра оқып, оның мағынасындағы ерекшеліктеріне талдау жасалынады..
Топтық жұмыс, тапсырма арқауы бойынша:
- Бірінші бағандағы қарамен жазылған
сөз сөйлемде қандай мағына үстеп тұр?

І топ:
Меніңше, бұл – өте мықты адам.
Бұл – өте мықты адам.
Бірінші сөйлемдегі қарамен жазылған меніңше сөзі арқылы сөйлеуші өзінің сенімін білдіріп тұр.

ІІ топ:
Біз бүгін, әрине, күндегіден ертерек шығамыз.
Біз бүгін күндегіден ертерек шығамыз.
Екінші сөйлемдегі қарамен жазылған әрине сөзі арқылы сөйлеушінің қолдауын білдіріп тұр.

ІІІ топ:
Бәлкім, бұл жұмысты ертеңге қалдырған шығар.
Бұл жұмысты ертеңге қалдырған шығар.
Үшінші сөйлемдегі қарамен жазылған бәлкім сөзі арқылы сөйлеушінің жорамалын білдіріп тұр.
Қыстырма сөздер. жүктеу


Скачать


zharar.kz