Сабақтың тақырыбы: Төрт түлік
Мақсаты: 1. Оқушылардың төрт түлік туралы түсініктерін кеңейтіп, әр малдың ерекшеліктері, пайдасы туралы білімдерін тексеру, ізденушілік қызығушылықтарын арттыра отырып, төрт түлік малға байланысты мақал - мәтелдер, әңгімелер, тақпақтар айтқызып, білімдерін толықтыру.
2. Оқушылардың сөйлеу шеберліктерін, ой - өрістерін дамыту, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру.
3. Төрт түлік малды қастерлей білуге тәрбиелеу.
Түрі: Қайталау сабағы.
Әдісі: Сұрақ - жауап, талдау - жинақтау, салыстыру, ізденушілік, сын - тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы.
Көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта.
I. Ұйымдастыру
Сабақтың барысы: Жарқырап күн ашылды,
Айнала нұр шашылды.
Қайырлы күн, біз көңілді баламыз,
Қайырлы күн, сәлемдесіп аламыз.
Мақсатымыз – білім алу,
Міндетіміз – еңбектену.
- Балалар, бүгінгі қайталау сабағымыздың тақырыбы: төрт түлік мал.
Қазір төрт топқа бөлініп, әр түрлі жұмыстар жасаймыз.
Ой шақыру әдісі: а) Төрт түлікке нелер жатады?
ә) Олардың төлдерін атаңдар.
І топ – Ботақандар
ІІ топ – Құлыншақтар
ІІІ топ – Бұзауқандар
ІV топ – Қошақандар
ІІ. Зерде бөлімі: Әр топ басшысы әр түліктің ерекшеліктері, маңызы
туралы толық мағлұмат беру.
ІІІ. Бәйге кезеңі: Әр топқа 3 сұрақтан беріледі.
1. Ботақандар тобы: 1. Түйе жасына қарай қалай аталады?
2. Түйенің сүті қалай аталады?
3. Түйенің жүнінен нелер жасалады?
2. Құлыншақтар тобы: 1. Жылқы жасына қарай қалай аталады
2. Жылқының сүті қалай аталады?
3. Жүйрік аттарды қалай атайды?
3. Бұзауқандар тобы: 1. Сиырдың сүтінен жасалатын заттарды ата.
2. Сиырдың етінен жасалатын заттарды ата.
3. Жасына қарай сиырды қалай атайды?
4. Қошақандар тобы: 1. Қойды жасына қарай қалай атайды?
2. Қойдың жүнінен нелер дайындалады?
3. Қойдың терісінен нелер дайындалады?
ІV. Жорға кезеңі: а) Поэзия минуты (төрт түлік туралы өлеңдерді мәнерлеп оқу).
ә) Мақал - мәтелдердің жалғасын табу.
1) Мал өсірсең қой өсір,...
2) Қойдың сүті қорғасын,...
3) Сиырлының үйі – айран,...
4) Нар жолында...
5) Сиырдың сүті...
6) Малды бақсаң, сиыр бақ...
7) Жылқы – малдың патшасы...
8) Ер қанаты...
Сергіту сәті: Тербеледі ағаштар,
Алдымыздан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар
Биік болып өседі.
Күн бұлттанды,
Найзағай шатырлады.
Жаңбыр жауды,
Кемпірқосақ ашылды.
V. Сыр сандық бөлімі: Оқушы шығармашылығын шыңдау.
1 топ: Эссе жазу. Төрт түлік пайдасы.
2 топ: Венн диаграммасы (Түйе мен жылқының ерекшеліктерін
салыстыру).
3 топ: Жұмбақты аяқтау.
1) Туа салып жүріп кеткен...
2) Кішкентай ғана бойы бар...
4 топ: Өлең құрастыру.
VI. Қойылым: Төрт түліктің айтысы.
Ән: Төрт түлік.
VII. Бекіту: Жалпы сабақ бойынша ойларын айтқызу.
Үйге тапсырма: Еркін жазу стратегиясы бойынша ой - толғаныс.