Тақырыбы: С дыбысымен сиқырлы орманға саяхат
Кезең: сөзде машықтандыру кезеңі
Мақсаты: С дыбысын ғажайып қорапша ойыны арқылы сөзде анық, дұрыс айтуға
үйрету.
Түзете - дамытушылық: Балалардың артикуляциялық мүшелерінің қозғалыс белсенділігін арттыру. Дұрыс тыныс алуын, фонематикалық есту қабілетін жетілдіру. Қолдың ұсақ моторикасын мозайка және дәнді - дақылдармен жұмыс жасау арқылы дамыту.
Тәрбиелік: Логопедті мұқият тыңдауға, өзін - өзі баға дұрыс беруге және өз бетінше жұмыс жасай алуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Айна, салфетка, стакан, түтікше, мозайка, дәндер, суреттер, слайд.
Әдіс - тәсілі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, слайд көрсету.
Іс - әрекет кезеңі
Мотивациялық қозғаушы кезең
Ізденуші - ұйымдастырушы кезең
Логопедтің іс - әрекеті
- Сәлеметсіңдер ме?
- Көңіл - күйлерін қалай?
- Балалар, бүгін біздің оқу іс - әрекетімізге көп қонақтар келіпті. - Олар сендердің дыбыстарды қалай айтатындарыңды тыңдауға келіп отыр екен.
- Ендеше, оқу іс - әрекетімізге жақсы қатысып, дыбыстарды қалай айтатынымызды көрсетейік.
- Балалар мен сендерге бір дыбыс жасырамын, сол дыбыс ненің даусы екенін табуларын керек?
- Бәріміз мұқият тыңдап көрейікші ненің дыбысы?
- Иә, дұрыс жыланның дыбысы екен.
- Жылан қалай дыбыс шығарады, бәріміз бірге айтайықшы?
- Балалар қандай дыбыс естіліп тұр?
- Жарайсыңдар, балалар!
- Бүгін біз С дыбысын дұрыс, әдемі айтып үйренеміз.
- Алдымыздағы айнаға қарап С дыбысын айтайықшы?
- С дыбысын айтқан кезде ерініміз, тіліміз, тісіміз қандай қалыпта болады екен?
- Жарайсыңдар, балалар!
- Балалар с дыбысы созылмайды, кедергіге ұшырап барып айтылады.
- С дыбысы дауыссыз дыбыс, оны көк текшемен белгілейміз.
- С дыбысы неге ұқсайды?