Амалдардың орындалу реті

Скачать

Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы,
Тана мырза орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Данабаева Арай Жумагазыевна

Ашық сабақ математика 2 - сынып

Тақырыбы: Амалдардың орындалу реті. Жақшалар.
Мақсаты: Жақшалармен таныстыру және жақшалардың ішіндегі амалдың алдымен орындалатынын айту; өрнектердегі амалдардың орындалу ретін анықтауға жаттықтыру; өзара кері есептер құру және шығартуды пысықтай түсу; уақыттың бірліктерін пысықтау; екі таңбалы сандарды оқуға, жазуға және салыстыруға машықтандыру.
Есте сақтау қабілетін дамыту. Уақытты тиімді пайдалануға тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ - жауап, талдау.
Көрнекілігі: амалдар туралы плакат.
Түрі: Жаңа сабақ
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа әзірлік
- Балалар қазір қай мезгіл?
- Күз мезгілі екенін қалай біліп қойдыңдар?
- Дұрыс айтасыңдар балалар
- Ендеше сабағымызды бастамас бұрын сенбілік жүргізіп жапырақтарды жинап алайық.
Жапырақтардың түстері арқылы топқа бөлу
Психологиялық дайындық. екі топ смайликтер арқылы көңіл - күй білдіру

ІІ. Үй тапсырмасы: 4 - есеп
Өткенді еске түсіру: Ойлан тап ойыны слайд Тапсырма: Түрлеріне қарай топта. Өзге өрнек бар ма? - Ендеше, бүгін осы өрнекті шығару жолымен танысамыз.
Мақсат қою кезеңі: Тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ
Электронды оқулық тыңдау
Болжау стратегиясы:
Амалдардың орындалу реті
І. Бүгінгі сабақта әңгіме не туралы болады деп ойлайсың?
ІІ. Қандай тақырып төңірегінде өрбиді?
ІІІ. Қандай негізгі мәселелер көтереді?

Оқулықпен жұмыс № 1 Жазуларды салыстыру.
(10 - 4) + 1
10 – (4 + 1)
Жақша туралы түсінік беру. Жақшаның ішіндегі амал алдымен орындалады. (10 - 4)+ 1

Есіңе сақта! Бірге айту, жаттау. ( ) түріндегі белгі жақшалар деп аталады. Жақшаның ішіндегі амал алдымен орындалады.

ҮІ. Түсінгендерін тексеру: № 2. Амалды орындау. а) тізбектей тақтаға орындау.
Өзіндік жұмыс. ә Теңдік тура болатындай етіп жақша қою. 4 - 1+2 (6+3)- 2 8 – (5+1).
№ 3. Есепті шығар: Топтық жұмыс
Ш: 13 - 10= 3
10+3
13 - 3
Ж: 3жас үлкен
Сергіту сәті:
№ 4. Топтық жұмыс
1тәулік =24 сағ. 20 сағат артық.
20 сағат кем 28 сағат
44 сағат 4 сағат кем 20+24+4 =48 сағат
№ 5. Ойын
39, 40, 41, 42

ҮІІ. Сабақты қорыту.
“Тұжырым” кестесін толтыру


Скачать


zharar.kz