Тақырыбы: Алтын сөз.
Мақсаты: 1. Білімділік: Тақырыпты өмірмен байланыстыра отырып, мазмұнын ашу, мағынасын түсіндіру. Мәнерлеп қатесіз оқуға бейімдеу.
2. Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту. Сөздік қорын молайту. Ойлау, көру, сезіну, қабылдау қабілеттерін дамыту.
3. Халқымыздың ізгі ниетті ақ бата, игі тілектерімен таныстыру. Мағынасын түсіндіру, құрметтеуге баулу.
Көрнекілігі: Несіпбек Айтовтың портреті, игі тілек сөздердің, мақал - мәтелдердің жазбасы, салт-дәстүрлерге байланысты суреттер.
Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдіс - тәсілі: Ой қозғау стратегиясы, ойын, іздендіру, ой тудыру, әңгіме.
Пәнаралық байланыс: Тіл дамыту, көркем әдебиет, өмірмен байланысты.
Жоспары:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
III. Жаңа тақырыппен жұмыс.
а) Кіріспе бөлім.
ә) Негізгі бөлім.
б) Сергіту сәті.
в) Қосымша материалмен жұмыс.
г) Сабақты бекіту.
IV. Үйге тапсырма беру.
V. Қорытынды бөлім.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды тынышталдырып, назарларын сабаққа аударып аламын.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
а) Үлгілік кесте бойынша дәптерге жазған жыл мезгілдеріне байланысты сөз тіркес - терін дәлелдету. 2 - 3 оқушыдан сұрау.
Жыл мезгілдері Қайтеді? Неліктен?
ә) Жыл мезгілдері. Мәнерлеп оқыту.
III. Жаңа тақырыппен жұмыс.
а) Кіріспе бөлім.
Тақтаға алдын – ала ілініп қойған мақалды 1 оқушыға оқытамын. Жаңбырмен жер көгереді, батамен ер көгереді . Осы мақалдың мағынасын кім түсіндіреді?
Мағынасын өз сөздерімен түсіндіреді.
Балалар, бұл мақал жаңа тақырыбымызбен байланысты. Бүгінгі сабақта Несіпбек Айтовтың Алтын сөз атты өлеңін өтеміз. Бұндағы мақсатымыз: Батаның қай уақытта айтылатынын, не үшін айтылатынын білу және оның түрлерімен танысу.
Несіпбек Айтов 1950 жылы туған, белгілі жазушы.
ә) Негізгі бөлім.
Түгелдей кітабымыздың 259 бетін ашайық. Мұқият тыңдаймыз.
Мәнерлеп оқу.
Іштей оқыту.
Оқушыларға мәнерлеп оқыту. (2-3 оқушыға)
Тізбектей оқыту, шумақ бойынша.
Өлеңдегі батаның мағынасын кім түсіндіреді?
Өлеңдегі ата сөзіне қатысты тіркесті кім айтады?
Орнымыздан тұрамыз,
Алақанды ұрамыз.
Бір отырып, бір тұрып
Біз демалып аламыз.
в) Қосымша материалмен жұмыс. (Ағайын-туыс арасында жиі айтылатын ізгі ниетті ақ бата, игі тілектер)
Бағың жансын.
Өмір жасын ұзақ болсын.
Құтты болсын.
Сапарың оң болсын.
Босағаң берік, шаңырағың биік болсын.
Мың жаса.
Құдай сәтін салсын.
Бауы берік болсын.
Дастарханыңа береке берсін.
Әр тілектің қай кезде айтылатынын түсіндіреді.
д) Сабақты бекіту.
Қоянға жеміс теруге көмектесейік. Сол арқылы бүгінгі сабақты қаншалықты түсінгендеріңді білеміз. Жемістердің артында сұрақтар бар, соған жауап бергені себетке салады.
1. деп аталған?
2. Сен тағы қандай бата сөз білесің?
3. Өлеңде айтылған шілдеханадан басқа тағы қандай тойларды білесің?
4. Бата қайда айтылады?
5. Батаны не үшін айтады деп ойлайсың?
IV. Үйге.
Алтын сөз мәнерлеп оқу. Бата сөзді жаттау.
V. Қорытынды бөлім.
Оқулықтағы сөзжұмбақты шешкізу.
Оқушыларды бағалау.