Ескен Елубаев
Б - дан бастасаң –
Киетін киім,
Б - ны алып тастасаң –
Жеміс теретін. (Бөрік - өрік)
Т - дан бастасаң,
Дақылдың бірі.
С - дан бастасаң,
Бояудың түрі. (Тары - сары)
С - дан бастасаң,
Баяулап есетін жел.
Қ - дан бастасаң,
Бекінетін жер. (Самал - қамал)
Ескен Елубаевтың басқа өлеңдері