Әдебиеттік оқу пәнінен тест тапсырмалары
І нұсқа
1. Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті – басы - ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды, - деген өлең жолы кімнің қай өлеңінен алынған?
А) С. Сейфуллин Қызыл шұнақ
Ә) А. Құнанбайұлы Қыс
2. Сәкен Сейфуллин қай жылы дүниеге келіп, қай жылы дүниеден өтті ?
А) 1894 – 1937
Ә) 1893 – 1938
Б) 1894 – 1938
3. Ауылдың терістігінде үлкен Жайдақ, кіші Жайдақ аталатын екі өзен бар. Бұлардың басталуы бөлек болғанымен, аяғы қосылып, Құйған аталады да, Ертіске құяды..., деген үзінді қай әңгімеден алынған?
А) Қызыл түлкі
Ә) Төрт тілек
Б) Тәуелсіздік күні
4. Тәуелсіздік күні қай күн? _______________________________________________________________________
5. Қазақ елінің тәуелсіздігі үшін күрескен жастар кімдер?
_______________________________________________________________________
6. Мұхтар Шаханов қай жылы дүниеге келген?
А) 1941 жылы
Ә) 1942 жылы
Б) 1940 жылы
7. Желтоқсан тағылымы өлеңінің авторы?
А) Мұхтар Шаханов
Ә) Абай Құнанбайұлы
Б) Сәкен Сейфуллин
8. Қазақстан Республикасының астанасы – ___________________________________
9. Қызыл түлкі әңгімесіндегі түлкіні жаяу соққан бала атанған бала кім?
10. Жыл мезгілдерін жаз.
1___________________________________
2. __________________________________
3.___________________________________
4. __________________________________
11. Төрт тілек әңгімесіндегі төрт тілек тілеген баланы жаз. ________________________
12. Мейірім әңгімесіндегі балаларды жаз:
13. Қыс көлігі:
А) шана
Ә) Арба
Б) Велосипед
14. Жаңа жыл мерекесінің негізгі кейіпкерлерін жаз:
15. Көркем әдебиеттегі суреттелген табиғат көрінісі қалай аталады?
А) Пейзаж
Ә) Портрет
Оқушының аты – жөні: ________________________________________________
Балы: _____ Бағасы:_____
ІІ нұсқа
Әдебиеттік оқу пәнінен тест тапсырмалары
2 А - класс
Оқушының аты – жөні:
____________________________________
1. Мен – сенің көктемің,
Нұрыңмен көктедім
Сол үшін өзіңе
Алғысым көп менің – деген өлең жолы қай өлеңнен алынған?
А) Мұнайшы
Ә) Мұғалім
Б) Омарташы
2. Ұйқы қайдан табылады? атты мәтіндегі баланың аты?
А) Асан
Ә) Хасен
Б) Арман
3. Әкесі алты гектар жер алған. Сол – ақ екен, қауырт жұмыс басталды де кетті - деген жолдармен басталатын мәтін?
А) Еңбек жемісі
Ә) Күн күлше
Б) Еңбекпенен ел көгерер
4. Күн күлше әңгімесіндегі кейіпкерлерді жаз.
Бала: ______________________ Әжесі: _________________________
Әкесі: ______________________________________
Қырман күзетшісі:___________________________
5. Аспан, аспан – арайлым,
Саған жиі қараймын , - деген өлең жолдары қандай өлеңнен алынған?
А) Мұнайшы
Ә) Мен ғарышкер боламын
Б) Омарташы
6. Маңғыстауым мұнайлы
Маған сондай ұнайды , - деген өлең жолдары қай өлеңнен алынған?
А) Мұнайшы
Ә) Мен ғарышкер боламын
Б) Омарташы
7. Бармағынан бал тамған
Ол – еңбекқор дарқан жан , - деген өлең жолдары қай өлеңнен алынған?
А) Мұнайшы
Ә) Мен ғарышкер боламын
Б) Омарташы
8. Еңбекпенен ел көгерер қандай шығарма түріне жатады?
А) Аңыз
Ә) Ертегі
Б) Мәтін
9. Ертең мен бүгін қай елдің ертегісі?
А) Қазақ ертегісі
Ә) Орыс ертегісі
Б) Малайзия ертегісі
10. Көйлекті маған кім берді мәтінінен: Дүкенге көйлек қайдан келді?
А) Қоймадан
Ә) Тігін фабрикасынан
Б) Мата тоқитын фабрикадан
11. Жалқаудың ертеңі бітпейді деген мақал қай ертегіде айтылған?
А) Ертең мен бүгін
Ә) Еңбекпенен ел көгерер
Б) Еңбек жемісі
12. Кім болсам екен? мәтінінде қандай мамандықтар туралы айтылды?
13. Еңбекпенен ел көгерер ертегісіндегі жалқау үш балаға халықтың қойған аттары қандай?
1. Ең үлкен жалқау:________________________
2. Екінші жалқау бала:______________________
3. Үшінші жалқау бала:______________________
14. Еңбекпенен ел көгерер ертегісіндегі кенже бала қандай бала?
А) Кер жалқау
Ә) Еңбекқор
Б) Ақылсыз
15. Үлкен... боламын,
Боламын десем боламын!
А) Ғалым
Ә) Әнші
Б) биші
Балы: ______ Бағасы:_____
ІІІ нұсқа
Әдебиеттік оқу пәнінен тест тапсырмалары.
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі?
А) Орыс тілі
Ә) Қазақ тілі
Б) Ағылшын тілі
2. Мұқағали Мақатаевтың өлеңіндегі үш бақытты жаз.
Ең бірінші бақытым –..... менің,
Ал, екінші бақытым –...... менің
Бақытым бар үшінші –.... деген
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін жаз.
1.______________________
2.______________________
3.______________________
4. Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?
А) Ақмола
Ә) Алматы
Б) Астана
5. Төрт түлік пірлерін жаз.
Жылқы (құлын) пірі ___________________
Сиыр (торпақ) пірі ____________________
Қой (қозы) пірі _______________________
Ешкі (лақ) пірі ________________________
Түйе (бота) пірі _______________________
6. Теріден жасалған үшбұрышты кішкентай қапшықтан жасалған, ішінде жусаны бар тұмар не деп аталады?
А) Бойтұмар
Ә) Алқа
Б) Сырға
7. Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров қай жылы, қай күні ғарышқа ұшты?
А) 1991 жылы 3 – қазанда
Ә) 1991 жылы 2 – қазанда
Б) 1991 жылы 4 – қазанда
8. Ә. Табылдының әңгімесіндегі Ардақ ағай Асанға не сыйлады?
А) Жер шарын
Ә) шарды
Б) доп
9. С. Оспановтың жаннатты жерісің
... қаласы – деген өлең жолы қай қала туралы айтылып тұр?
А) Астана
Ә) Ақтөбе
Б) Алматы
10. Қазақтың ғұлама ғалымы?
А) Әлкей Марғұлан
Ә) Абай Құнанбаев
Б) Нұрғасыр Тілендиев
12. Еркек тоқты - құрбандық ,
Атам десең атыңдар! – деп қаскөйлерге қаймықпай қарсы тұрып, соңғы сөзін айтып кеткен желтоқсан құрбаны кім?
А) Ербол Сыпатайұлы
Ә) Ләззат Асанқызы
Б) Қайрат Ноғайбайұлы
В) Сәбира Мұхамеджанқызы
Оқушының аты – жөні: __________________________________________________________________________
Балы:_____ Бағасы: _____
VІ нұсқа
Әдебиеттік оқу пәнінен тест тапсырмалары
2 – тоқсан
1. Ы. Алтынсариннің Талаптың пайдасы әңгімесіндегі бала даңқы шыққан кім болып шығады?
А) Жазушы
Ә) Суретші
Б) Биші
В) Әнші
2. Н. Бөкейхановтың Ақылды көмекші әңгімесі электронды есептеуіш машиналардың қай түріне байланысты?
А) Компьютер
Ә) Телефон
Б) Сирена
В) Теледидар
3. Ж. Алмашевтың Адамның досы әңгімесіндегі адамның досы деп не туралы айтылған?
А) Кітап
Ә) Қалам
Б) Қарындаш
В) Мектеп
4. Өзін білікті, ақылды санап жүрген бір кісінің теріс қылығын көрген жұрт қатты ренжіді. Оның әрекетін айтып, өзара дауласып қалады да, бір шешім қабылдай алмайды. Осы жайға түсінік беруін өтініп, кімге барып жүгінеді?
А) Әбу Насыр
Ә) Абай
Б) Ыбырай
5. Тау, Қаңбақ, және Бүркіт әдеби жанрдың қай түріне жатады?
А) Аңыз
Ә) Әңгіме
Б) Мысал
В) Ертегі
6. Көңілді ғарыш әткеншегі ертегісінде ана қоян қай планета болды?
А) Шолпан
Ә) Жер
Б) Меркурий
В) Марс
7. Жерден ауыр дегенім – _________________
Судан терең дегенім – ____________________
Оттан ыстық дегенім – ____________________
Көктен биік дегенім - _____________________
8. Керемет баға әңгімесіндегі Айжарық бақылау жұмысынан қандай баға алды?
А) Үштік
Ә) Бестік
Б) Төрттік
Ә) Екілік
9. Ж. Аймауытовтың Құштарлық әңгімесіндегі кітап оқуға деген құштарлығы мол бала кім?
А) Айжарық Ә) Балғын В) Қартқожа Б) Айгүл
10. – Мына сөз... – деді ол, әжесі мен апасына әліппесіндегі мектеп деген сөзді көрсетіп. – Дәптерге сыймай жатыр, - деген үзінді қандай әңгімеден алынған?
А) Тасымал
Ә) Құштарлық
Б) Керемет баға
В) Адамның досы
11. Тәуелсіздік күні қай күн?
А) 30 – тамыз
Ә) 25 – қазан
Б) 16 – желтоқсан
В) 22 – наурыз
12. Біздің мемлекеттік тіліміз?
А) Орыс тілі
Ә) Неміс тілі
Б) Қазақ тілі
В) Ағылшын тілі
13. Бір топ бала сырғанап,
Барады әне жарысып.
Қалды артта қыр алап,
Іздерінен қар ұшып, - деген үзінді қандай өлеңнен алынған?
А) Он алтыншы желтоқсан
Ә) Көңілді қыс
Б) Еңбектің бәрі мамандық
В) Мұғалім
14. Мен – сенің көктемің,
Нұрыңмен көктедім.
Сол үшін өзіңе
Алғысым көп менің – деген өлең жолдары қай өлеңнен алынған?
А) Он алтыншы желтоқсан
Ә) Көңілді қыс
Б) Еңбектің бәрі мамандық
В) Мұғалім
15. Күнде шынығып, таза жүретін Асанды анасы еркелетіп қалай атайды?
А) Аппақ бала
Ә) Аппағым
Б) Еркем
В) Құлыным