Сабақтың тақырыбы: Біздің үйіміз, пәтеріміз
Сабақтың мақсаты: Балаларды өз пәтерлеріндегі бөлмелерді дұрыс атай білуге, мекен – жайын айта білуге уйрету. Сөздік қорларын байытып, тіл мәдениетін жетілдіріп дамыту. Ұқыптылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдістері: көрсету, түсінік беру, жаттықтыру, сұрақ - жауап.
Сабақтың көрнекіліктері: Көп қабатты, жеке меншік үй суреттері, пәтер бөлмелерінің көрнекті суреттері.
Меңгерілетін сөздер: пәтер, көп қабатты үй, бөлме, қонақ бөлме, балалар бөлмесі, ұйықтайтын бөлме, жуынатын бөлме, ас үй, дәліз, мекен – жайым.
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру кезеңі:
- Сәлеметсіздер ме?
1, 2, 3. топтың іші тып – тыныш
Жалқаулықты тастаймыз
Сабақты біз бастаймыз!
Өткен сабақты қайталау:
Қызыл – красный
Жасыл - зеленый
Сары – желтый
Фонетикалық жаттығу:
- пә – пә - пә - пәтер
- бөл – бөл – бөл – бөлме
- қа – қа – қа – қабат
- қо – қо – қо – қонақ
- із – із – із – дәліз
Жаңа сабақ: Балалардың назарын көрнекіліктерге аударып, жаңа сөздермен таныстыру:
Пәтер – квартира
Балалар бөлмесі – детская
Ұйықтайтын бөлме – спальная
Көп қабатты үй – многоэтажный дом
Жуынатын бөлме – ванная
Ас үй – кухня
Дәліз – прихожая
Бөлме – комната
Қабат – этаж
Қонақ бөлме – зал
Мекен жайым – мой адрес
Сергіту сәті
Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп – теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
Тіл дамыту: Сөйлем құрауға жаттықтыру
Мен көп қабатты үйде тұрамын. Төртінші қабатта тұрамын. Біздің пәтеріміз үш қабатты.
Пәтерімізде
↓
Қонақ бөлме бар
Балалар бөлмесі бар
Ұйықтайтын бөлме бар
Жуынатын бөлме бар
Ас үй бар
Дәліз бар
Сөздік ойын: Дұрыс па? Бұрыс па?
- Мынау ас үй?
- Жоқ, дұрыс емес. Мынау – қонақ бөлме. т. б
Қорытынды: Жаңа сөздерді атай отырып, балаларға өз пәтерлерінің суретін салып келуді тапсыру.