Дүние ғажап, тылсым алмағайып, Осының біреуіне тоқталайық

Скачать

Дүние ғажап, тылсым алмағайып,
Осының біреуіне тоқталайық.
Мың құлпырған - қызылды, жасылды да
Табиғат тұмса тірлік, таңғажайып.

Айтайын ойымды мен жүйрік аттай,
Зымырап өтейін де атқан оқтай.
Ішіме сыр жасырып қалмаймын мен
Көрінбей түнде ұшатын жарқанаттай.

Бұл тұста қалай ғана іркілейін,
Нөсердей көк аспаннан сіркірейін.
Өлеңімді арналдым табиғатқа
Кемеге жол көрсетер дельфин дейін.

Өртейді дәу орманды жалғыз ұшқын,
Сілкілгендей қанатын қыран құстың.
Тырнағының өткірлігін айтар болсақ
Ұқсайды жүздеріне сом қылыштың.

Өсімдік дүниесін араласаң,
Санынан шатасатын мың санасаң.
Түстерінің алуандығы таң қалдырар
Көз тойар мә, көркіне көп қарасаң.

Таулары түйелердің өркешіндей,
Сулары сол таулардың еркесіндей.
Тастары қабақ шытқан қарт секілді,
Шыңдары қойбастаған серкесіндей.

Мен мәңгі табиғатқа бас иемін,
Сеземін шын жүрекпен қасиетін.
Ақынмын ағыны қатты жырларымның,
Өзендей тауды жарып, бауырыма тас үйетін.


Скачать


zharar.kz