Саңырауқұлақтардың жемісті денесінің құрылысын зерттеу

Скачать

Биология
Сыныбы, күні 6 - сынып
Сабақ тақырыбы Саңырауқұлақтардың жалпы сипаттамасы. №32 зертханалық жұмыс. Түтікшелі және қатпарлы қалпақшалы саңырауқұлақтардың жемісті денесінің құрылысы
Сілтемелер Биология: 7 - сыныбына арналған оқулық, Интернет желісі: Уикипедия - ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет.
Сабақтың мақсаты Оқушыларға саңырауқұлақтардың сипаттамасы туралы түсінік беру, олардың қолдану мақсатын ажырата алуға, Өз бетімен қорытынды шығарып, ойларын ашық айту және ойлау қабілеттерін СТО арқылы дамыту.
Күтілетін нәтижелер Оқушылар саңырауқұлақтардың жалпы сипаттамалары туралы, саңырауқұлақтардың жемісті денесінің құрылысын зерттеуді, ұлғайтқыш шынының көмегімен түбіртегін қалпақшасынан бөліп қарастыру дағдысы қалыптасады, биологиялық терминдік тілде сөйлеу қабілеттері;
Жұппен, топпен жұмыс жасай отырып, бірлесіп білім алады.
Түйінді идеялар - Сыни ойлауы мен сыни көзқарасы қалыптасады
- Топтық мүдде, ұжымдық әрекет орнайды
- Бірін - бірі тыңдай білу дағдысы қалыптасады
- Өзін - өзі және бірін - бірі өзара бағалай алады
Орындалатын іс әрекет
Сабақ кезеңдері Мұғалімнің орындалатын іс әрекеті Оқушының орындалатын іс әрекеті Оқыту тәсілдері
І Ұйымдастыру кезеңі Кідірмеймін айдары бойынша шеңбер құру. Оқушылар шеңбер құрады, гүлдердің атын айту арқылы бір - бірін гүлге теңейді Психологиялық дайындық

Білу
Жаңа тақырыпты игеруге көмектесу. Интерактивті тақтамен слайд көрсету.
1. Балалар саңырауқұлақтар дегеніміз не?
2. Саңырауқұлақтардың қандай түрлерін білесіңдер?
3. Өздерің тұрған жерде жеуге жарамды қандай саңырауқұлақтардың түрін білесіңдер?
4. Саңырауқұлақтарды тағам ретінде пайдаланамыз ба?
А) Жаңа сабақ бойынша не білетінін айту.
Ә) Оқушылар мұғаліммен бірге слайдтар бойынша жұмыс жасайды.
Диалогты оқыту. Сұрақ - жауап. АКТ.
СТО.

ТҮСІНУ -
Сынып оқушыларын бұршақ, астық, раушангүлділер тұқымдастарының өкілдері бойынша 3 топқа бөледі. Тақырыпты оқушылар өздері меңгеруіне мүмкіншілік беру.

Мәтіннен термин сөздерді табуға тапсырма береді А) Әр оқушы өз бетінше тақырыпты оқып түсінеді, жұпта талдайды, топта талдайды, постер құрады, қорғайды.

Термин сөздермен жұмыс жасайды:
1. Микология - саңырауқұлақтарды зерттейтін ғылым.
2. Спора - саңырауқұлақтардың таралуын қамтамасыз ететін арнайы құрылымды жасуша.
3. Конидий - шаң түріндегі спора.
4. Спорангий - споралар түзілетін орын. Жұптық, топтық жұмыс.
Құрылған топтар бірін - бірі бағдаршам арқылы бағалайды.
ҚОЛДАНУ – Түсінген білімдерін зертханалық тұрғыдан қолдана білуге тапсырма беріледі. №32 зертханалық жұмыс.
Жұмыс барысы және нәтижесі:
1. Саңырауқұлақтардың жемісті денесінің құрылысын зерттеу
2. Қолдағы бар ақ және қозықұйрық саңырауқұлағын суретте берілген саңырауқұлақпен салыстыру

1. Саңырауқұлақтардың
жемісті денесінің бөлімдерін қарайды.
2. Жемісті денесінің неден түзілгендігін айтады.
3. Саңырауқұлақ қалпақшасының төменгі жағынан нені байқағандығын айтады. Бірлескен топтық жұмыс. Зерттеу.
ТАЛДАУ – 7 мин
Сыни ойлауын дамыту.
Венн диаграммасын толтыру тапсырмасын береді.

Биология жұмыс дәптерінен 31 - беттегі 1, 3 тапсырмалар 1 - топ: бактериялармен саңырауқұлақтардың айырмашылығын талдайды. Венн диаграммасын толтырады.
2 - топ: саңырауқұлақтардың өсімдіктерге және жануарларға тән белгілерін талдайды. (Ж. д. 31 - бет, 1 - тапсырма)
3 - топ: түтікшелі және қатпарлы саңырауқұлақтардың өкілдерін топқа бөлу. (ж. д. 31 - бет, 4 - тапсырма) СТО. Стикерлер арқылы топ бірін - бірі бағалайды.
VІ Бағалау
Бүкіл сынып оқушыларына сұрақ қояды. 1. Саңырауқұлақтардың табиғатта маңызы қандай?
2. Адам өміріндегі ше?
3. Саңырауқұлақпен уланып қалмау үшін не істеу керек?
4. Неліктен саңырауқұлақтардан қыста уланып қалу қаупі бар? Пікірталас туындайды.
Оқушылар алған білімдерін, өз ойларын айтып, қорытындылауға дағдыланады. Үш қарамды сұхбат

Рефлексия. БББ кестесін толтыру.
VІІ Үйге
тапсырма
беру Биология жұмыс дәптері 31 - бет, 3 - тапсырма Үй тапсырмасын жазып алады


Скачать


zharar.kz