Арық қыздар қандай көйлек кигені дұрыс?
Әлемде бойынша арық қыз - келіншектермен салыстырғанда артық салмақты қыздар көбірек. Алайда толық қыз - келіншектерден гөрі арық қыз - келіншектерге киім таңдау анағұрлым қиын. Сонымен дұрыс таңдай білген киім сіздің арықтығыңызды жасырып, сүйкімді сұлуға айналдырып жібереді. Бұл мәселеде бізге киімнің кейбір бөлігіне көңіл бөлу көмекке келеді. Сонымен, арық қыздарға қандай киім үлгілері жарасады?
Арық қыздарға ең сәтcіз таңдалған киім үлгілері.
Арық қыздарға киім таңдауда көбіне жіберілетін қателікке назар аударыңыз!
Кемшілікті жасыру үшін пішінсіз яғни қап секілді киім үлгілерінен бас тартқан жөн. Бұл үлгі керісінше өзіңізге үлкен өлшемдегі көйлек киіп алған секілді көрінеді. Ол сіздің әйелге тән сүйкімділігіңізді ашып көрсетпейді. Сонымен қоса денеге жабысып тұратын трикотажды матадан тігілген киім үлгілері де дұрыс болмайды, ол тіпті жіңішкертіп көрсетеді.
Бұл киім үлгілері нағыз арық қыз - келіншектерге жарасады.
— Футляр үлгідегі көйлек
Классика үнемі сәннен түспейді. Бұл көйлек үлгісі универсалдығымен қыз - келіншектердің жүрегін жаулап алды. Арықтау келген қыздарға бұл көйлек үлгісі өте тамаша жарасады. Ең бастысы өз өлшеміңізге сай келетінін дәл таңдау қажет.
Көйлектің матасы дұрыс таңдалған болса, пішіп, тігуі дұрыс жасалған жағдайда, сіздің денеңіздің пропорциясын дұрыс көрсетеді.
— Беби - долл үлгідегі көйлек
Бұл көйлек үлгісі белден төмен жағы трапециялық үлгіде, етегі үлпілдеп тұратындықтан балаға тән әсер қалдырады, арық қыздарды одан сайын әдемі, сүйкімді етіп көрсетеді. Көйлектің жеңі мен етегі кеңдеу болғандықтан, кеуде мен бөксенің арықтығын білдірмей тұрады.
Беби - долл үлгісіндегі көйлек қыздардың нәзіктігін айқындай көрсететін тамаша үлгі. Алайда, ескеру қажет, егер сіздің осал тұсыңыз аяғыңыз болса яғни аяғыңыз қисық болса, бұл үлгіде көйлек кимей - ақ қойған дұрыс. Себебі жараса қоймайды.
— Қызғалдақ үлгідегі көйлек (Платье - тюльпан)
Бұл көйлек белді қынап тұруымен қатар бөксе тұсындағы бүкпелері бөксені толық етіп көрсетеді. Көйлектің мойын тұсы жарты шеңберлі кесілген, бұл бұғана сүйегінің шығыңқы тұсын көрсетпей тұрады. Бұл көйлек те жоғарыда аталған үлгілердей арық бөксені толық етіп көрсетіп, белді қынап, қыздарға тән нәзік береді. Бұл жерде қысқа үлгі көрсетілген, тізенің арық сүйегі көрінбес үшін етегі аздап ұзындау үлгілерін таңдауға болады.
— Белі жоғары орналасқан ұзын көйлек үлгісі
Бұл көйлек үлгісі орта бойлы арықтау қыз - келіншектер үшін таптырмас үлгі. Мына көйлек үлгісі де бөксенің арықтығымен қоса жіңішке аяқты да көрсетпей тұрады.
Көйлектердің түсін таңдағанда. Көйлектің түсіне мән беріңіз, ашық түстерді таңдаңыз, сұр түстерге жоламаңыз. Негізі көйлектің түсі бірыңғай болуы да арық етіп көрсетуі мүмкін, сондықтан гүлді көйлек үлгілерін таңдаған да дұрыс.
Ескерту: Көйлек таңдағанда матаның суретіне назар аудару қажет, өзі арық қыздар вертикальды сызықтары бар киімдерден бас тартқан жөн. Ол одан сайын ұзын, арық етіп көрсетеді.
Дайындаған: Асыл
Өзіңіз білетін кеңестеріңіз болса бөлісіңіз, пікір қалдыру жолына жазба қалдырыңыз.
Суреттерімен көру