Үй шаруасын атқарғанда сиқырлы сөздер айтыңыз

Скачать

Үй шаруасын атқарғанда сиқырлы сөздер айтыңыз.
Байқасаңыз, егер әйелдер бір нәрсеге қызығып отырса, оны орнынан тұрғызып басқа шаруаға жұмсау қиынның қиыны. Тамаққа отыру мен теледидарға да назар аудармайды.
Ал егер күнде қайталанатын жұмыстан шаршаса, жатып ұйықтай берсем екен дейді.
Бұдан шығудың жолы біреу: іш пыстыратын күнделікті үй шаруасын қызықты процесске айналдырумыз керек.

Адам бойындағы шексіз сиқырлы күшті ояту үшін Симорон атты психологиялық әдіске сүйенеміз. Бұл жалқаулықты жеңіп, ойыңызды серпілтуге көмектеседі.
Кез келген шаруаға бас қоймас бұрын, көңіл - күйді соған қарай ыңғайлаңыз: Мен жай ғана үй жинап шықпаймын! Мен ішкі кеңістігімді тазартамын! – деңіз.

Терезені жуарда – мен жарық әлемнің терезесін тазартып жатырмын, барлық тілегім жоғарыға көрінуі үшін еш кедергі болмауы керек.

Сәбіз үккіштен өткізерде – өткен өкпе - ренішті үгіп жатырмын. Сонан соң оны жеймін де, табиғи жолмен қорытып, шығарып тастаймын.

Ескі заттарды тастауда – ескіге кет, жаңалыққа кел,- деп бұйырамын.

Шаң сүрткенде – ғасырлар бойғы жиналып қалған Сәтсіздіктерді сүртіп тазартамын. Менде Сәтсіздік болмайды, бәрі тап - таза және жарқырап тұрады.

Қазанды қырып тазартқанда – бұрынғы өткен қарым-қатынастан қалған ескі қақты қырамын. Жарқырайды! Тамаша! Демек, жүрегім тынышталып, жаным жай табады.

Кір жуғанда – жер бетінде туындаған барлық проблеманы жуып, жойып, кез келген келеңсіздіктен қорғаймын.

Жуылғандарды үтіктегенде – мен әжімдерді тегістеп жатырмын, қиындық атаулының қыртысын жатқызу үшін үтіктеймін.

Тамақ дайындауда – мұнда сиқырлы әрекеттер тіпті көп. Әр тағамға – арнайы сиқырлы сөздер айтамыз: дәл қазір сіз үшін әрбір жағымды көкейкесті мәселеге: махаббатқа, сәттілікке, табысқа, бақытқа.
Мысалы:
Мен сорпаға көк - сөк салам –
Сонда мол табысқа жетем,
Сонан соң сәбіз саламын –
Сәбіздей тәтті махаббатқа лайық болам,
Сонан соң күріш саламын –
Сонда бағалы сыйлық аламын.
Және картоп саламын –
Сонда сұлу боламын.
Рақаттана ойнаңыз сонда пайдасы көп!
Байқасаңыз – күнделікті үй шаруасын үнсіз атқарудан гөрі, сиқырлы өнеріңізді пайдалана атқару әлдеқайда қызықты. Бүкіл шаруаны тез бітіріп тастағаныңызды байқамай да қаласыз және жақсылық атаулыны атап шақырасыз.
Халқымыз "Жақсы сөз - жарым ырыс", - деп босқа айтпаса керек.

Қосымша, Марк Твен, Том Сойердің басынан кешкендері Ғажайып сыршы тарауын оқып алсаңыз болады.

Дайындаған: Жадыра


Скачать


zharar.kz