Сабақтың тақырыбы: Есеп. (Қанша ұзын?)
Сабақтың мақсаты: 1. Бірінші заттың екінші заттан қанша ұзын екенін табуға үйрету. Есептерді салыстыру
2. Ұқыптылыққа. баулу. Есептеу машығын арттыру, ой - өрісін дамыту.
3. Отанын сүюге, білімді болуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: жолақшалар, интерактивті тақта, қима қағаздар.
Пән аралық байланыс: ана тілі, дүниетану
Оқыту әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың мазмұны.
І. Ұйымдастыру. 1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Оқу, мағынасын ашу.
Әрбір адам – туыс, досым, жұрағат,
Әрбір сабақ – үйрену, ұғу, ұлағат.
ІІ. Өткенді пысықтау.
6 санын қосып азайтуға байланысты өрнектер (Балық аулау ойыны)
ІІІ. Жаңа сабақ:
1. Интерактивті тақта. Жолақша суреттері арқылы ұзын жолақша, қысқа жолақша екенін түсіндіру.
- Ұзындықты қандай өлшем бірлігімен өлшейміз?
- Сантиметр
2. Дәптермен жұмыс
Көркем жазу
44 44 44 44
33 33 33
3. Оқулықпен жұмыс:
- Ұзындықты табу үшін оқулығымыздағы 1 есепке қарайық.
- Түсіндіру, мағынасын ашу.
- Нені табу керек?
- Ұзындықты
№ 1
Қ - 10см? см ұзын ----------- Қ - 5см
Ж - 5 см ----------- Ж - 5см
Шешуі: 10 - 5=5(cм) ---------- Шешуі: 5+5=10(см)
Жауабы: 5 см ұзын ----------- Жауабы: 10 см
№ 2 Азайғышы 4 болатын айырмалардың мәнін өсу ретімен жаз:
4 - 3 4 - 2 4 - 1 4 - 0
№ 4 Қосу кестесін пайдаланып, айырманың мәнін тап.
4 - 2 6 - 3 8 - 4 10 - 5
9 - 6 10 - 6 8 - 6 7 - 6
ІҮ. Сергіту сәті
1, 2, 3 кәне қанат қағайық
1, 2, 3 қарлығаш боп ұшайық
1, 2, 3 жинап алдық күш.
Ү. Топпен жұмыс
1- топ
Компоненттерін ата.
2 топ
Геометриялық фигураларды ата.
3 топ
Топтастыр және қалай аталады?
ҮІ. Шығармашылық тапсырма
Суретте неше үшбұрыш бейнеленген?
10 3 8
ҮІІ. Сабақты қорытындылау.
- Ағаштар ұзын, қысқа.
- Сызғыштар ұзын, қысқа
- Қаламдар ұзын, қысқа
- Біз бүгінгі сабақта нені табуды үйрендік?
- Ұзындықты
- Балалар, Алдар Көсені бәріміз білеміз бе?
- Онда бізге Алдар Көсе тапсырма беріпті Мен бір сан ойладым (ойын)
- Ол қандай сан?
Мадақтау