Сөздердің грамматикалық байланысы

Скачать

Қазақ тілі пәні бойынша жылдық күнтізбелік жоспар, 7 сынып
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ тілі 7 сынып.
Тақырыптар:
66. Сөздердің грамматикалық байланысы
67. Сөздердің байланысу тәсілдері
68. Диктант
69. Жаттығумен жұмыс
70. Тест тапсырмалары

Қазақ тілі 7 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Сөздердің грамматикалық байланысы
Сабақтың мақсаты:
білімділік – оқушыларға сөздердің грамматикалық байланысы туралы түсінік беру, сабаққа деген қызығушылығын арттыру.
дамытушылық – оқушылардың іскерлігі мен біліктілік дағдыларын жетілдіре отырып, ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту;
тәрбиелігі – оқушыларға туыстық атаулар туралы ұғым бере отырып, алыс - жақынын тани білуге шақыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Оқыту әдісі: талдау, сұрақ - жауап, шығармашылық ізденіс, кітаппен жұмыс.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті.
Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі кеспе қағаздар, деңгейлік тапсырмалар т. б.

Сабақтың барысы.
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына назар аудару
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Өткен сабақтарды қалай меңгергенін білу үшін оқушыларға кеспе қағаздар үлестіріп, жауап талап етемін.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Сөздер ойды білдіру үшін бір - бірімен белгілі грамматикалық байланысқа түсіп, сөйлем құрайды. Сөйлемдегі сөздердің бір - бірімен грамматикалық байланысы әр түрлі болуы мүмкін, сөздер бір - бірімен белгілі тәсіл арқылы байланысады. Мысалы: Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін деген сөйлемдегі мен жазбаймын, ермек үшін жазбаймын болып сөздер бір - бірімен байланысқа түскен.
Осы сөйлемдегі сөздерді байланыстырып тұрған тұлғаларды алып тастасақ, сөйлем түсініксіз болып қалар еді. Мен жазбаймын өлең ермек. Осыдан көрінетіндей, біріншіден мағыналық жағынан бір - бірімен сәйкес, үйлес сөздер ғана байланыса алады. Екіншіден, сөздер белгілі бір амал - тәсілдер арқылы байланысады.
Жаттығумен жұмыс: 233 - жаттығу. Көшіріп жазып, сөйлемдегі сөздерді бір - бірімен грамматикалық байланысына қарай бөлек - бөлек көшіріп жазыңдар.
Үлгі: Оспан кіріп келді, сырттан кіріп келді, сөйткенше кіріп келді.
Тақтамен жұмыс: Тақтаға бірнеше сөйлем жазып синтаксистік, морфологиялық талдау жасайды.

Білімді бекіту: Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін. Өткен тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.
1. Грамматиканың синтаксис саласы нені қарастырады?
2. Сөйлем құрауда сөздердің бір - бірімен грамматикалық байланысқа түсуінің орны неге ерекше?
3. Тіл білімі неше салаға бөлінеді?

Бағалау: Оқушылардың сабаққа жақсы қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: 234 - жаттығу.



Толық нұсқасын жүктеу


Скачать


zharar.kz