Жобалау әдісі - инновациялық педагогикалық технология

Скачать

Тақырыбы: Жоспарлау әдісі туралы түсінік
Бүгінгі қоғамның ұстаздар алдына қойып отырған басты міндеті, артар жүгі – сапалы білім берумен қатар жан - жақты дамыған, өзіндік ой - пікірі қалыптасқан, өмірде ойын жүзеге асыра алатын тұлға қалыптастыру. Тұлға қалыптастыруда – оның тәні мен жанын қатар дамыту, танымдық қызығушылығын дамытудың әдіс - тәсілдерін іздеу, анықтау, жүйелеу, қолдану.

1965 жылдан бері қарай жобалау әдісі халықаралық деңгейде қолданыла бастады. Бұл әдіске қайта оралудың басты себебін ғалымдар мәселені оның дамуында қарастыруға мүмкіндік беретіндігімен байланыстырады, яғни білім алушылар нақты мәселені шешу үшін әрекет үстінде бірнеше рет теорияға үңіледі, соның нәтижесінде өз ісінің қалай орындалғанын бағалай алады, өз қолдарымен жасалған іс оларға қанағаттанарлық, өзіне сенімділік әкеледі. Ғалымдар бұл технологияның осы артықшылықтарына үлкен мән берген. В. Килпатрик жобалау әдісін от души выполняемый замысел деп түсінді. Оның ойынша, оқу әрекеттері оқытушының қатысуынсыз орындалуы тиіс. Сонда оқушы өз әрекетінің нәтижесін көріп, өзінің қабілетін бағалай алады деп тұжырымдайды.

1. Ең біріншіден жобалау әдісі дегеніміз не деген сұраққа жауап берейік. Жоба (лат.)- алдында жүретін. Яғни қандай да жоба болса да алға жүретіні сөзсіз. Әдіс - белгілі бір мақсатқа жету үшін практикалық немесе теориялық білімдердің ізденудегі жұмысы, дидактикалық категория. Жобалау әдісі бұл - белгілі бір мәселені оқу - әдістемелік білімді негізге ала отырып түпкілікті құрылымын айқындау арқылы шешу. Жобалау әдісін басқаша мәселе әдісі ретінде де танимыз, себебі белгілі бір теориялық немесе практикалық мәселені шешуді мақсат етеді. Қазіргі кезде жобалау әдісін мұғалімдердің жобалық оқытуында қолданылатын педагогикалық технология деп түсінеміз.

2. Әлемдік педагогикада жобалау әдісі жаңа емес. Ол 1920 жылы АҚШ - та пайда болған.
Жобалау әдісі – инновациялық педагогикалық технология. Педагогикалық жоба ол педагогтардың арнайы ұйымдастырған, балалардың өздігінен шешім қабылдауын және де өз таңдауы мен еңбегінің, шығармашылығының нәтижесіне өзін жауапты ететін іс - әрекеттер тобы. Арнайы білімді қажет ететін айқын мәселелерге ынталандыру және жоба іс - әрекеті арқылы мәселенің шешімін қамтитын білімнің іс - жүзінде пайдалануы.

Жобалау әдісі – мәселені жете зерттеу арқылы, нақтылы нәтиже бере алатын, рәсімделген дидактикалық мақсатқа жету тәсілі. Жобалау әдісі – барлық кезде қандай да бір мәселенің шешімін жорамалдайды.
Жобалау әдісі – жеке басқа бағытталған оқыту әдісі. Ол оқудың мазмұндық бөлігі мен тапсырма кешені арқылы шеберлік пен дағдыны дамытады. Ол оқытудың мазмұндық бөлігін тапсырма жиынтығы арқылы балалардың зерттеу іс - әрекетін болдыруға себепші, оқытылатын мағлұматтарды қандай да бір іс - әрекет немесе продукция ретінде алып шеберлік пен дағдыны дамытады.


Скачать


zharar.kz