Сабақтың тақырыбы: “Look at our classroom”
Сабақтың негізгі міндеті:
1. Хх әрпімен таныстыру.
2. Оқушыларды тәуелдеу есімдігімен таныстыру: our, their
3. Жаңа сөздермен және сын есімдермен таныстыру: clean, dirty; big, small сын есімдерін қайталау.
Жаңа сөздер: fox, box, relax; clean, dirty; big, small; our \ their; blackboard, desk, window, chair, classroom.
Қайталау: A a – W w әріптері; look at …
Сабақтың көрнекілігі: Хх әріпі бар карточка, суреттер; fox, box, relax; суреттер бейнеленген карточкалар: blackboard, desk, window, chair, classroom; Bingo - ға арналған карточка.
Сабақ оқушыларымен сәлемдесу және сабақтың тақырыбын хабарлаудан тұратын Warm up - тан басталады. Hello, children! Sit down, please! Біз бүгінгі сабақта жаңа әріппен және осы әріптен басталатын жаңа сөздермен танысамыз. Сынып бөлмесі туралы әңгімелеуді үйреніп, сыныпта бар заттардың аттарын жаттайтын боламыз.
A a – W w әріптерін қайталау.
Bingo ойынын ойнату
Жаңа сабақ
Хх әрпімен таныстыру
Open your books at page 114.
Ex 1, p 114 (CD № 89) – Listen, point and repeat
Ex 2, p 114 (CD № 90) – Listen and chant.
Look at … құрылымына сөйлем құрату.
(Әріптің жазылуы. Оқулықтың оң жақ жоғары бұрышынан Хх әрпін табуды сұрайды. Әріптің жазылуын көрсете отырып, тақтаға жазады, ал оқушылар саусақтарын машықтандыру үшін оқулықтағы әріпті қолмен жүргізеді, одан кейін ауада жазып көрсетеді. Жұмыс дәптерімен жұмыс жасау. Open your workbooks at page 58. )
Ex 3, p 114 write and say. (оқушылар мұғалімнің қадағалауымен түсіп қалған әріптерді жазады, суреттерді айтады.)
Жаңа сөздермен танысу
Сынып бөлмесіндегі заттарды көрсете отыра – тақта, парта, терезе, орындық, сынып, оларды айту, оқушылар қайталайды.
Ex 4, p 115 (CD № 91) – Listen, point and repeat.
(мұғалім show me a … деп бір затты айтады, оқушылар аталған заттарды көрсетулері керек.)
Remember айдары.
Бұл біздің сынып бөлмеміз. – This is our classroom.
Our – біздің
Бұл олардың сынып бөлмесі. – This is their classroom.
Their – олардың
(оқушылардың назарын Remember рамасындағы суретке аударады. 115 бет. Сөйлемді оқып, суреттерге қарап clean, dirty сөздерінің мәнің түсіндіру.
Ex 6, p 116 – Choose and say
(оқушылар өздерінің сынып бөлмелерін сипаттайтын дұрыс сын есімдерді таңдайды.)
Small, clean, dirty, big.
Ex 7, p 117 (№ 92) – Listen and sing
Сабақтың қорытынды кезеңі
Сабақта өткен әріп пен әріптен басталатын сөздерді қайталау
Сабақта үйренген сөздерін айтып, көрсету.
Our classroom ұжымдық әңгімесін құрауды ұсыну.
Үйге тапсырма
Our classroom атты тақырыпта сурет салу