Білім саласы: таным
Бөлімі: қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру
Тақырыбы: Заттар тобын салыстыру
Мақсаты: салыстыруды үйрету.
Міндеттері: 1. балаларды заттарды салыстыруға үйрету. Қаншалықты артық немесе кем? деген сұраққа жауап бере алу. 2. Кеңестік туралы түсініктерін дамыту; ойлау қабілеттерін жетілдіру. 3. ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: геометриялық пішіндер, үлестірмелі заттар, жазу дәптері, пішіндерден қатыстырылған суреттер, таяқ - шалар.
Әдіс - тәсілдер: Денеш блогы, түсіндіру, көрсету, әңгімелеу, сұрақ - жауап.
Билингвалды компонент:
Мотивациялық кезең
Ізденіс ұйымдастыру кезеңі
1. Шаттық шеңбері: Е. Өтетілеуұлының Көңілді балалар өлеңін айту.
Жабырқауды білмейміз,
Жалқаулықты сүймейміз,
Біз талантты жас ұлан,
Үлгі аламыз жақсыдан.
2. Өткенді қайталай:
- 1 - ден 10 - ға дейін тура, кері санау.
- пішіндерді қайталау. Олардың қасиеттері дәлел - деу.
- суреттерден пішіндерді тауып атау.
- заттың қасиетін анықтау.
- Кеңестікті бағдарлау.
- Уақытты бағдарлау
3. Жаңа тақырып: дәптермен жұмыс
№1 тапсырма: Суретті құрастыру Жапсырма жұмысын орындау.
№2 тапсырма: №1 тапсырмадағы жұмысты қатыс - тыра отырып орындау.
№3 тапсырма: машиналардағы тең келетін пирамидаларды таңдап, бояу.
№4тапсырма: Ұяшықтардағы заттарды санау.
4. Сергіту сәті:
Біз ұқыпты баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Кірлесе егер киіміміз,
Өзіміз жуып аламыз
Едендегі шаңдарды
Шаңсорғышпен сорамыз.
Біздің қолда он саусақ,
Барлық іске жарамды.
5. Дидактикалық ойын: Салыстыр
Шарты: салыстыруға арналған тапсырма.
6. Қорытындылау
- Бүгін сабақта не істедік?
- Қандай тапсырмалар орындадық?
- Заттың қасиеті дегенді қалай түсіндіңдер?
- Кеңестік дегенді қалай түсіндіңдер?
- Қандай фигуралармен таныстық?
- Балалардың жауаптарын бағалау.
Заттар тобын салыстыру жүктеу