Энергия белгіленуі

Скачать

Тақырып: Энергия. Энергияның сақталу және айналу заңы
Мақсаты: Энергияның бір түрден екінші түрге айналуын түсіну және мысалдар келтіру арқылы механикалық энергияның сақталу заңын білу және пайдалану.

Түрткі сұрақтар
1. Энергия дегеніміз не?
2. Энергияның қандай түрлері бар?
3. Энергияның белгіленуі және өлшем бірлігі.
4. Кинетикалық энергия дегеніміз не және формуласы?
5. Потенциалдық энергия дегеніміз не және формуласы?
6. Энергияның сақталу заңы.

Энергия – дененің жұмыс жасау қабілеті.
Энергия белгіленуі: - E
Өлшем бірлігі: - Дж

Энергияның сақталу заңы
Тұйықталған жүйеде энергия жоғалмайды және жоқтан пайда болмайды. Ол тек бір күйден келесі күйге айналады.

Тақтамен жұмыс
Есептер шығару
1. Массасы 250г дене 15м с жылдамдықпен вертикаль жоғары лақтырылды.
Дененің лақтырылған мезетіндегі кинетикалық энергиясын;
Ең жоғары нүктедегі потенциалдық энергиясын;
Ең үлкен көтерілу биіктігін табу керек.
Массасы 60 кг денеге 1200Дж энергия шамасымен қандай биіктікке шығаруға болады?
Дене 50м биіктіктен горизонталь бағытта 15м c бастапқы жылдамдықпен лақтырылді. Д ененің жерге келіп түскендегі жылдамдығы қалай болады?
Энергия. Энергияның сақталу және айналу заңы жүктеу


Скачать


zharar.kz