Қадыр Мырза Әли өлеңі
Мамыр
Адам үшін жұбаныш
Мамыр келді шуақты.
Күннің ішін қуаныш
Кернеп тұрған сияқты.
Ақ арманы көктемнің
Мамыр келді шуақты.
Іздегенін көктен Күн
Жерден тапқан сияқты.
Ала - бөтен сәндігің,
Мамыр - майым шуақты.
Табиғаттың дәл бүгін
Туған күні сияқты.
Әрі сұлу, әрі игі
Мамыр - майым шуақты:
Он бір ұлы бар үйдің
Жалғыз қызы сияқты!
ШҚО, Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылы,
Ш. Уалиханов атындағы орта мектептің
11 сынып оқушысы Шағыманов Дарын