11 сынып
Сабақтың тақырыбы: С. Торайғыров Қамар сұлу романы
Сабақтың мақсаты.
Білімділік: С. Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы жайлы білімдерін тереңдете отырып, оқушыларды романның негізгі оқиға желісімен таныс ету, тақырыбын ашу, автор идеясын тану;
Дамытушылық: Ой тастау арқылы ойлау қабілеттерін, ой - өрісін кеңейту, шығармашылық ізденіске баулу.
Тәрбиелік: Шығарманы талдау арқылы әдет - ғұрыптарды білуге, бас бостандық үшін күресуге, жаманнан жиреніп, жақсыдан үлгі алуға, ұлттық әдебиетімізді сүйіп оқуға, қайырымдылыққа, алдына қойған мақсаты үшін күресе білуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Жаңа сабақты меңгерту
Әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, талдау, СТО, сатылай кешенді талдау, шығармашылық жұмыстар
Сабақтың жүргізілуі:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Сабаққа қатысты тексеру
Сабаққа назарларын аудару
(Бірден жаңа сабаққа көшіп, сабақ соңынан үй тапсырмасын сұраймын.)
Жаңа сабақ: Сұлтанмахмұт Торайғыровтың “Қамар сұлу” романы
Ой шақыру
С. Торайғыров кім?-------- ақын -------- себебі, оның Оқып жүрген
жастарға , Шығамын тірі болсам, адам болып , Шәкірт ойы өлеңдері бар
------ жазушы ------- себебі -, оның поэмалары:
Адасқан өмір , Кедей т. б. ------ романдары: Кім жазықты? , Қамар сұлу т. б
Хронологиялық кесте
1893. Қазіргі Көкшетау облысының Қызылту ауданында 28 қазанда дүниеге келген.
1908. Баянауылдағы Әбдірахман молданың медресесіне түседі.
1911. Нұрғали мұғалімнен сабақ алады.
1912. Троицк қаласындағы Ахун Рахманқұли деген татар медресесіне түседі.
1913. Айқап журналының редакциясына қызметке орналасады.
1914. Баянауылда бала оқытады.
1916. Өлеңмен Кім жазықты? романын жазған.
1917. Семейдегі қазақ комитетінде қызмет істеп, Сарыарқа газеті мен Абай журналдарына өлеңдері мен мақалаларын бастырады.
1918. Кедей , Адасқан өмір , Айтыс атты поэмаларын жазады.
1919. Шідерті болысындағы төңкерісшіл Комитеттің төрағасы болып сайланады.
1920. 31 май күні қайтыс болады.
Ой дамыту (Бөлімдер бойынша болжам түрінде сұрап, кітаптағы мазмұн арқылы салыстыра түсіндірдім.)
1 - бөлім. Жігітті ел мақтаған қыз жақтаған...
2 - бөлім. Сүйіспеншілік сезімнің қарлығаштары
3 - бөлім. Күндестік отын жандырған Жорға Нұрым
4 - бөлім. Омбы асқан Ахмет
5 - бөлім. Қырын келген құдалық
6 - бөлім. От ортасында ойрандалған Омар
7 - бөлім. Қайғыдан қан жұтқан Қамар
8 - бөлім. Зұлымдық - надандықтың басты белгісі
9 - бөлім. Құрбандыққа шалынған жастар
С. Торайғыров Қамар сұлу романы. жүктеу