Хабардың жеткізілуі

Скачать

Астана қаласы,
53 мектеп - лицейі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Қошқарбаева Айжан Тоқтарқызы

Баяндама.
Тақырыбы: Қазақ тілі сабағында оқушылардың коммуникативтік қабілеттерін дамыту

Қарым - қатынастың түрлері көп. Тілдік қатынас - тіл арқылы байланыс, сөйлеу тілі арқылы адамдардың бір - бірімен қарым - қатынас жасауы, қоғамдық, ұттық тіл арқылы ұғынысу, түсіну, яғни адамзаттың тіл арқылы қатынасқа түсуі тілдік қатынас дегенді білдіреді.
Ең алдымен, ерекше орын алатын тілдік қатынастың негізгі мазмұны, мәні, мағынасы болып табылатын хабарды іс жүзінде асырушылар - хабарға тікелей қатысушылар. Олар мынадай құрамнан тұрады:
1. Белгілі бір ақпаратты, деректі хабарлайтын – Баяндаушы.
2. Ақпаратты жеткізетін – Тұлғалар.
3. Ақпаратты не деректі – Қабылдаушы.
Тілдік қатынас жүзеге асу үшін Баяншыдан (Б) шыққан Хабар (Б) Тұлғалар (Т) арқылы Қабылдаушыға (Қ) келіп, одан ары қарай қайтадан байланысқа түсіп, тілдік айналымда жұмсалады.
Тілді зерттеуші ғалымдар тілдік қатынас құбылысына байланысты үш кезенді атап өтеді, олар мыналар:
Хабардың дұрыс айтылуы, шығуы. Мұнда синтаксистік заңдылықтар, яғни грамматикалық бірліктердің айтылуы, дыбысталуы ерекше көзге түседі.
1. Айтылуға тиісті мағынаның дұрыс жеткізілуі, айтылар ой мен айтылған тілдік құралдың тепе - тендігі. Мұнда семантикалық заңдылықтар басым рөл атқарады.
2. Әңгімелесуші – екінші адамның хабарды дұрыс қабылдауы.
Хабардың пайда болуы. Хабардың сыртқа шығуы. Хабардың жеткізілуі. Хабардың қабылдануы. Хабардың жауабы.
Сөйлесім әрекеттері:
Оқылым бойынша: берілген материалдағы әрбір тілдік қатысымдық тұлғалардың мағынасын біле отырып, оны тілдік қарым - қатынасқа кеңінен пайдалана білу мүмкіндігіне ерекше мән береді.
Жазылым бойынша: оқушының айтар ойын басынан аяғына дейін толық жаза білуі, пікірін қағазға түсіріп жеткізуі, сүреттерді, заттарды, кейбір іс - әрекеттерді бейнелеп, жазып, қысқаша әңгімелеп бере білуі, естігенін не оқығанын қысқаша жаза білу қажеттілігі еске іледі.
Тыңдалым бойынша: есту арқылы, қабылдау және ұғу, мағыналы, маңызды хабарды ұғып алу, қажетке жарата білуі көзделеді.
Айтылым бойынша: оқушының сөйлей білуі, айтар ойын жеткізе білуі, екінші адаммен түсінісе білуі, ойын ауызша жеткізіп қана қоймай, оған жауап ала білу мақсаты қойылады.

Тілдесім бойынша: өзара пікірлесудің нәтижесінде бірінің ойын бірі ауызша да, жазбаша да түсіну және оған жауап қайтара білуі, тілдесім арқылы бір - бірінің сезімін, көңіл - күйін бөлісе алуы тиіс.
Коммуникативтік принциптер:
Тілдік бағыттар
Оқу материалдары сабақтардың неліктен сол тіл туралы емес, сол тілде өткізіліп жатқандығының нақты қарым - қатынасын елестету керек.
Функционалдық

Сөйлеу іс - әрекетінің лексикалық, грамматикалық және фонетикалық жақтары үзіліссіз өзара сөйлеу үрдісінде жүзеге асады. Сабақта тілдік бірліктер меңгерілуі керек.
Оқиғалық
Оқу материалын оқушылардың қызықтыратындай, оқиғалық және қарым - қатынас проблемасы негізінде іріктеу және ұйымдастыру.
Жаңашылдық
Оқу материалы сабақта өзіндік жаңалығы бар және оқушылар үшін қызықты болуы керек. Оқу материалы мен жұмыс тілдік оқиғалардың нысанын және жұмыс тәсілдерінің әр түрлілігі, сабақты ұйымдастырудың жаңалығын көздейді.
Қарым - қатынастың дербестік бағыттары
Әр оқушының жекелеген тілдік ерекшеліктерін, оның субъектік тәжірибесінің ерекшеліктерін, эмоционалдық бағытын, сынып ұжымындағы оның статусын есепке алу.
Ұжымдық өзара қарым - қатынас
Оқушылардың өзара белсенді қарым - қатынасы, олардың оқудағы жетістіктерінің өзара байланысы.
Үлгеру
Тіл жүйесін, тілді тасымалдаушы, қолданушы – халықтың мәдениетін үлгі түрінде таныстыратын, осындай білімнің жүйелеген түрі. Тілдің мазмұндық жақтарын тақырыптар емес, проблемалар таныстыру керек.
Коммуникативтік әдіс. Қолдану жолдары:
Технологияның ерекшелігі мен құндылығы оқушылардың білім сапасын едәуір арттыруға, білім стандарты бекіткен оқу материалын барлық оқушылардың қажетті дәрежеде меңгеруін қамтамасыз етеді.
Скалкиннің бірнеше коммуникативтік жаттығуларын өз жұмысымда пайдаланып, осы жаттығулар арқылы аталған технологияны қалай пайдалануға болатындығын көрсеттім. Мысалы, сабақтың басында тілдік ортаға енгізу үшін сұрақ - жауап жаттығуларын өткіземін.
- Туған жерің қалай аталады?
- Туған жерім – Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы.
- Туған жерінде тау, көл, өзен бар ма?
- Өскеменде Ертіс, Үлбі өзендері бар.
- Сөйлем құрастыр: үлкен мемлекет.
- Мен үлкен мемлекетте тұрамын.
- Антонимді ата: биік таулар, аласа таулар.
- Туған жерінде пайдалы қазбалар бар ма?
- Туған жерімде түрлі - түсті қазбалар бар.
Немесе:
- Сәлеметсіз бе!
- Сәлеметсіз бе? Айта беріңіз, тыңдап тұрмын.
- Мен мұнда іссапармен келген едім. Осы қонақүйде бос орын бар ма?
- Бізде бір және екі кісілік нөмірлер бар.
- Бір кісілік нөмірлер тәулігіне қанша тұрады?

- Тәулігіне 5 000 теңге.
- Нөмірде барлық жағдайлар жасалған ба?
- Әрине. Әр нөмірде телефон, теледидар, тоңазытқыш, желдеткіш жұмыс істейді. Сондай - ақ әжетхана, жуынатын орын бар.
- Жақсы. Маған бір кісілік нөмір беріңізші.
- Сіз мұнда қанша күн боласыз?
- Мен мұнда 3 күн боламын.
- Мінеки, нөміріңіздің кілтін алыңыз.
- Менің нөмірім қай қабатта орналасқан?
- Жүріңіз, Сіздің нөміріңіз үшінші қабатта орналасқан. Мен сізді нөміріңізге алып барайын.
- Кешіріңіз, мұнда асхана бар ма?
- Иә, асхана таңғы 9. 00 - ден кешкі 21. 00 - ге дейін жұмыс істейді. 21. 00 - ден бастап түнгі бар жұмыс істейді немесе телефон арқылы нөміріңізге ас - су алдыруыңызға болады.

Толық нұсқасын жүктеу


Скачать


zharar.kz