Көңілді бақшада, Шолып едім бақшаны

Скачать

Тақырыбы: Салатқа арналған көкөністер
Іс - этаптары
Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық - қозғаушы
Ертеңгілік жиын
Қайырлы таң көк аспан!
Қайырлы таң Жер ана!
Қайырлы таң қонақтар!
Қайырлы таң достарым!
Балалардың шеңбер жасап, бір - бірімен сәлемдесуі.
Ұйымдастырушылық - ізденімпаздық
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілі екенін қайдан білдіңдер?
Өткен оқу іс - әрекетін естеріне түсіре отырып, жаңа тақырыпты хабарлау.
Көңілді бақшада,
Шолып едім бақшаны.
Көкөніс біткен көңілді,
Жасыл, сары, қызыл, көк,
Сан алуан көкөніс.
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап.
- Өлеңде не туралы айтылған?
- Күз, көкөністер туралы.
- Дұрыс айтасыңдар, балалар.
Біз бүгін Салатқа арналған көкөністер тақырыбында сурет саламыз.
Тақтаға сурет ілініп, балаларға сұрақ қою арқылы жауап алу.
Балалар, тобымыздағы ойыншықтар көкөністерден салат жасағылары келеді екен. Бірақ, олардың көкөніс алайын десе ақшалары жоқ, өсірейін десе бақшалары жоқ екен. Ендеше, ойыншықтарға көмектесіп, салатқа арналған салып

берейік.
Балаларға тақтайдың суреті салынған парақты таратып беріп, өз қалаулары

Бойынша әртүрлі көкөністердің суретін салуды ұсыну.
Балаларға суреттің салыну жолдарын
Көрсету.
Сергіту сәті...
Тосын сәт: Есік қағылып топқа Көкөністер ханшайымы кіреді.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Мен қызанақпын, қызанақпын,
Қызарып ақ пісемін.
Дәмім тәтті болғасын
Көкөністер ханшайымы атына иемін.
- Сендер қандай әдемісіңдер, ақылды әрі тәртіпті екенсіңдер. Мен сендердің салған суреттеріңді көрейін деп келдім.
Балалармен жұмыс.
Жеке баламен жұмыс.
Балалар сендерге ханшайым Ұқсастығын тап деген ойын алып келіпті. Бәріміз бірге ойнайық.
Ойын шарты: Көкөністердің түсін, пішінін табу.
Балалар алдарына берілген алдарына берілген суретке қарап, пішіндерді дұрыс табуы керек.
Көкөністер ханшайымы балалардың ойыншықтар үшін салған
Суреттеріне рахмет айтып, бірге ойнайды.
Жыл мезгілдері туралы айтуы.

Өлеңді мұқият тыңдап, қойылған сұрақтарға жауап береді

Көкөністер ханшайымының . Келгеніне қуанып, қызығушылықтарын білдіреді.

Ойын шартымен ойнауы

Рефлексивті - түзетушілік

Жұмысын аяқтаған соң,
Балаларды ұқыптылығы үшін мақтап, мадақтау.
Қорытынды.

Оқу іс - әрекетінен алған әсерлеріне бөліседі.

Күтілетін нәтиже:
Меңгереді: Көкөністерді бейнелеуді меңгереді.
Игереді: Бояумен бір бағытта бояды игереді.
Қолданады: Негізгі түстерді ажырата біледі.


Скачать


zharar.kz