Мағынаны тану Оқулықпен жұмыс

Скачать

Тақырыбы: Сан есімнен өткенді қайталау
Мақсаты:
А) Білімділік: Оқушылардың сан есімнен алған білімдерін практикалық, жаттығу жұмыстарын жүргізу арқылы бекіту. Сан есім, мағыналық түрлері, құрамына қарай бөлінуінен алған білімдерін бақылау;
Ә) Дамытушылық: Сан есім, сан есімнің емлесі туралы білік дағдыларын дамыту;
Тәрбиелік: Сан есімдерді жаттығу жұмысы кезінде, басқада уақыттарда мағынасына, құрылысына қарай ажырата білуге тәрбиелеу;
Түрі: Қайталау, білімді бекіту;
Типі: Дәстүрлі емес;
Қолданылған технология: Сын тұрғысынан ойлау;
Әдісі: Сұрақ – жауап, топтастыру, фонетикалық талдау, шығармашылық
жұмыс, семантикалық карта, сәйкестендіру тестісі;
Пәнаралық байланыс: Математика
Көрнекілігі: Оқулық, бор, тақта, сан есім туралы плакат, интерактивті тақта;

Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылармен амандасу, сабаққа қатысын, оқу құралдарын тексеру, жаңа сабаққа дайындығын қадағалау.
ІІ. Жаңа сабақтың мақсатымен, кезеңдерімен таныстыру.
ІІІ. Сыныптағы оқушылардың білімге құштарлығын арттыру мақсатында жақсы аура, көтеріңкі көңіл күй қалыптастыру үшін психологиялық тренинг жүргізу.
І. Қызығушылықты ояту
Көбейту кестесін кім жақсы білсе, бүгінгі сабақтың тірек сөзін, яғни тақырыбын табады.
1. 8 х 10 = сексен
2. 2 х 3 = алты
3. 2 х 5 = он
4. 5 х 10 = елу
5. 9 х 10 = тоқсан
6. 2 х 1 = екі
7. 100 х 10 = мың
Шыққан сан есімдер мағынасына, құрамына қарай қандай сан есімдер?
Сонымен бүгінгі сабағымыз сан есім туралы болмақ.

ІІ. Мағынаны тану Оқулықпен жұмыс.
182 – жаттығу. Берілген сан есімдерден реттік, жинақтық, болжалдық сан есім жасап, сөзбен жазу.
Жеке оқушымен жұмыс.
183 – жаттығу.
Дара сан есімді бір оқушы, күрделі сан есімді бір оқушы бөліп жазу.
Сәйкесін тап!
Бір асым ----------- тұз
Бір ұрттам ----------- қамыр
Бір жайым ------------ сөз
Бір ауыз ------------ су
Бір шымшым ------------- ет
Бір үзім ------------- қазы
Бір елі ---------------- нан
Қызықты сөздер Тез тауып, ұйқасын айт.
К + 2 + Л =
К + 3=
Қ + 10 + АҚ =
КҮ + 1=
5 + ІК =
Өздерің қалаған бір сөзге дыбыстық талдау жасау.


Скачать


zharar.kz