Мектептегі тәжірибе кезеңінде жасалатын басты қадамдар

Скачать

Мектептегі тәжірибе кезеңінде жасалатын басты қадамдар.
1. Мектеп әкімшілігімен сұхбат (даму жоспарына ұсынылған өзгерістерді талқылау, тәжірибелік кезеңнің жоспарымен таныстыру ).
2. Мектептің педагог қызметкерлерімен кездесу (деңгейлік бағдарламаның мақсатымен, 7 модульмен, таңдалған тақырыппен таныстыру, мұғалімдерден жаңа бағытқа көзқарасын, мектептің жалпы деңгейін анықтау үшін сауалнама алу, тәлім алушыларды анықтау, т. б.).
3. Желілік қауымдастық құру (мектепішілік, мектепаралық, ауданаралық, қалааралық, облысаралық т. б.).
4. Таңдалған сыныппен жұмыс (оқушылардан бастапқы ахуалды, білім деңгейлері мен дайындықтарын, дәстүрлі сабақ пен жаңа бағыттағы сабаққа деген көзқарас пікірлерін анықтау үшін сауалнамалар алу, бастапқы және соңғы деңгейлерді салыстыра зерттеу үшін сабақтарына қатысып, зерттеулер жүргізу, интервью алу).
5. Коучинг сабақтар өткізу (сабақ соңында, тәлім алушымен бірге келесі сабақтың тақырыбын анықтап, жоспарлау, кәсіби әңгіме жүргізу, кері байланыс орнату, т. б.).
6. Өзінің рефлексивті есебін жазып отыру (мектеп жұмысы, бастапқы және тәжірибелік кезеңдегі зерттеу барысындағы жинаған мәліметтерді салыстыру, мониторинг жасау).
7. Тәлім алушылардың коучинг сабақтарын жоспарлауға қатысу және ол сабақтардың өтілуін бақылау (әр сабақ соңында талқылау, кері байланыс жасап отыру).
8. Тәлім алушы және оның әріптестерімен бірлескен қысқа және орта мерзімді жоспар құруға қатысу (Lesson Study әдісімен).
9. Зерттеуге алынған сыныптардың сабақтарына қатысу, зерттеу (жалпы сынып ахуалын, өсу деңгейін, үш деңгейлі оқушылардың өзгерістерін салыстыру, мониторинг жасау).
10. Рефлексивті есептерді аяқтау (әр есепке зерттеу барысында жинақтаған мәліметтерді қосып, толықтырып отыру).


Скачать


zharar.kz