Бірнеше бірлікке арттыру және кеміте білуді меңгерту

Скачать

Сабақтың мақсаты: Бірнеше бірлікке арттыру және кеміте білуді меңгерту.
Білімділік: Жаңа білім мазмұнын меңгерту, білім – білік дағды - машықтарын арттыру.
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық қабілетін, пәнге қызығушылығын, белсенділігін дамыту
Тәрбиелік: Жинақылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: математикалық жаңбыр плакаты, дидактикалық материалдар.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, көрнекілік.

Сабақтың барысы:
1. Психологиялық дайындық
Мен ақылдымын, білімдімін
Мен өзгелерге кедергі келтірмеймін.
Өзіме де, достарыма да жақсы болғанын қалаймын.
Мен әр іске жауаптылықпен қараймын.

2. Балалар, тақтаға назар аударайық, Математикалық жаңбыр ойыны бойынша тамшылардың жанында жазылған сандарды қосып, азайтамыз. Тапсырманы мысалдар тізбегі түрінде орындаймыз.
3. Тақтамен жұмыс: №2 (а) есеп оқылып, талданады, шарты құрылып, сұрағы арқылы шешуі шығарылады.
(ә) 3+2= өрнегімен шығатындай есептің берілуін өзгертіп орындалады.
4. Математикалық диктант
А) 8 бен 2 - нің, 9 бен 1 - дің, 1 мен 7 - нің, 7 мен 2 - нің қосындысын тап.
Ә) 10 мен 10 - ның, 10 мен 6 - ның, 6мен 3 - тің, 10 мен 4 - тің айырмасын тап.
Б) 1 - ді 7 - ге, 5 - ті 3 - ке арттыр.
В) 4 - ті 3 - ке, 6 - ны 5 - ке, 9 - ды 7 - ге, 9 - ды 6 - ға кеміт

5. Сергіту сәті: (қимылмен көрсетіледі)
Он саусақ, он саусақ,
Би билейміз, біз ән сап
Өнерлі екен он саусақ,
Қала салсақ, жол салсақ....

6. Өзіндік жұмыс: №4
Өрнектерді салыстыру ,


Скачать


zharar.kz