Нұсқау тапсырмалар парағындағы тірек - сызбаларға жауаптарыңды жазасыңдар

Скачать

Тақырыбы: Сарыарқа
Мақсаты: 1. Білімділік мақсаты;
Оқушыларды электрондық оқулықпен жұмыс жүргізіп, мәтінді аша білуге дағдыландыру.
Оқылған мәтінге тірек – сызба жасауды қалыптастырып, өздік жұмыс жүргізуге баулу, оны меңгерту.
2. Дамытушылық мақсаты; табиғаттың құрамдас бөлімі арасындағы байланысты аша білу; теориялық білімді практикалық жұмыспен ұштастыру.
3. Тәрбиелік мақсаты: Ел жанды, табиғат байлығын үнемді пайдаланып, қорғап, сақтайтын тұлға тәрбиелеу
Көрнекілігі:
Компьютер
Бейнесюжет
Тірек – сызба
Қазақстанның физикалық картасы,
Қазақстанның көрікті жерлері (сюжет сурет )
Нұсқау тапсырмалар парағы
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі;
Мұғалім: Оқушы зейінін сабаққа аудару. Сабақтың мақсатын түсіндіру.
Балалар, бүгін біздің сабаққа ерекше қонақтар келіп отыр. Сабағымыз да ерекше. Себебі электронды оқулықпен жұмыс жасай отырып, географиялық білімімізді кеңейтуге мүмкіндік бар. 4 компьютер, ендеше 4 топқа бөлінеміз, 6 оқушыдан.
1. Электронды оқулықты ашып, физика - географиялық аудандастырудан Сарыарқа тақырыбын ашамыз, мәтінді оқуға 3 мин. Нұсқау тапсырмалар парағындағы тірек - сызбаларға жауаптарыңды жазасыңдар. Одан кейін жазылған жауапты жиналмадағы тірек - сызбамен салыстырып, жауаптарыңды тексеріңдер.
Жоспар.
● Географиялық орны (3 мин)
● Жер бедері, геологиялық құрылысы (7 мин)
● Пайдалы қазбалары (3 мин)
● Климаты (3мин)
● Ішкі сулары (3мин)
● Табиғат зоналары: өсімдіктері мен жануарлары (7мин)
● Қорық (5мин)
● Тест (6 мин)
● Қорытынды (5 мин)
● Үйге тапсырма (1 мин)
● Бағалау (2 мин)
Қазақстан аумағы физика - географиялық аудандастыру бойынша неше ауданға бөлінеді? Сарыарқа жер бедері қандай?
Сабақты мынадай өлең шумақтармен бастаймыз.
Айналайын Сарыарқам, сағымданған,
Сағынышын баса алмас, сағынған жан - деп ақын жырлаған Сарыарқаның сары даласын оқып - үйренуді бастайық.
Ұшқыш досым, жаңылма бағытыңнан!
Дала, дала басында бағы тұнған,
Қазақстан - өзінше бір материк
Жер кіндігі осында ағытылған - деп Мұқағали ағамыз жырлағандай Еуразия материгінің кіндігі өзіміздің Абай атамыздың туған жері қазіргі Абай ауданында (бейнесюжетте Еуразия кіндігі ) белгісі көрсетіледі).
Оқушылар электронды оқулықтан Сарыарқа мәтінін ашып, гипермәтінді тышқанмен шерту арқылы өздері оқиды. Содан кейін нұсқау парағына Сарыарқаның физика - географиялық орнын тірек сызба түрінде оқушылар өздері толтырады.



Скачать


zharar.kz