Аяз ата, кешіріңіз мен адасып кетіппін

Скачать

Балаларға арналған жаңа жыл кеші (Сценарий)
(Балалар залға кіреді)

(Үйшікте кемпір мен немере қызымен отырады, музыка қосылып, сағат 12 - ні соғады)
Кемпір: Е, тағы бір жаңа жыл келді. Биылғы келетін жыл доңыз жылы емес пе? Лайым, жақсылық көп болғай!
Немере: Әже! Мен сіздің қызық ертегіңізді тыңдағым келеді Маған ертегі айтып беріңізші.
Әже: Олай болса, мен саған Аладдиннің сиқырлы шамы туралы ертегіні айтып берейін. Ерте, ерте, ертеде шығыс елінде Аладдин деген жігіт болыпты. Оның сиқырлы шамы және ұшатын кілемі болыпты. Ол онымен ұшып жүріп бүкіл әлемді аралайды екен. Бір күні ол сен секілді бөбектердің бақшасына тап болыпты.
Немере: Әже, ертегіңіз қызық екен, сосын не болыпты?
Әже: Содан кейін не болғанын кәне мына қонақтармен бірге тамашалайық.
Восток биі (Музыкамен Аладдин кіреді)
Аладдин: Сәлеметсіндерме, балалар! Жаңа жыл құтты болсын!
Жүр: Аладдин! Өзің мұнда неғып жүрсің?
Аладдин: Мен бәрін жаңа жылмен құттықтау үшін ел аралап жүрмін.
Сендерді де жаңа жылмен құттықтап келдім.

Жүр: Олай болса қонақ болып, мына балалардың жаңа жылдық тақпақтарын тыңда.
Балалар тақпақ айтады
Жүр: Аладдин, біздің балалар шетінен өнерлі. Қаласаң мерекеміздің соңына дейін қалып балалардың өнерін тамашала. Жаңа жылымыз да жақындап келеді.
Аладдин: Рахмет, мен кетейін. Сендерді жаңа жылдарыңмен құттықтап, сендерге өзімнің сиқырлы құмырамды сыйға тартамын қабыл алыңдар Ал мен енді еліме қайтайын, сау болыңдар (Аладдин кетеді)
Жүр: Ал енді мерекемізді ары қарай жалғастырайық
Жүр: Балалар, мына құмыраның сиқырлы сыры неде болды екен ә! (аузын ашады) (Джин күлкісі естіледі)
Жүр: Ой, бұл кім? ( құмыраны қоя салады, ішінен джин шығады)
Джин: Ха – ха! Мен бұл құмырада 300 жыл өмір сүрдім. Сендер маған бостандық сыйладындар, сондықтан сендердің 3 тілектеріңді орындаймын. Менің қолымнан келмейтін нәрсе жоқ. Кәне айтындар, қандай тілектерің бар?

1б: Біздің шыршамыздың шамы жанбай тұр, соны жағып бер.

Джин: Жарайды, сол да сөз боп па? Қазір - ақ жағып беремін

1, 2, 3, Шырша шамы жана түс!
(шырша жанады - балалар шапалақтайды)
Жүр: Мінеки, шыршамыздың шамы жанды. Олай болса, шыршамызға арнап әсем ән шырқайық.
Ән Бақшамыздың төріне
Джин: Ал екінші тілектерің қандай?
2б: Біз шет елдерді аралағымыз келеді
Джин: Онда мен сендерді Испан еліне апарайын, кәне көздеріңді жұмыңдар
(Музыка ойнайды)
Джин: Мінеки балалар, Испан еліне де келдік, олар да жаңа жылды тойлап жатқан секілді, қараңдаршы, бәрі көңілді, би билеп жүр.
Би Испан
Джин: Енді мен сендерді Англияға апарайын, кәне көздеріңді жұмыңдар(Музыка ойнайды) Мінеки Англияға келдік
Балалар ағылшынша ән айтады
Жүр: Джин! Испания да, Англия да әдемі жер екен. Бірақ біздің еліміз одан да керемет. Бізді өз елімізге, өз балабақшамызға апаршы.

Джин: Жарайды, кеттік онда Қазақстанға!

Жүр: Джин! Балабақшаға жеткенше балалардың тақпақтарын тыңдап барайық
Балалар тақпақ айтады.
Джин: Мінеки балалар, көңілді жүріп балабақшаға да келдік. Ал енді соңғы үшінші тілектеріңді айтыңдар
3б: Біз Аяз атаны көргіміз келеді.
Жүр: Иә, Джин! Біздің балалар, Аяз атаны асыға күтіп отыр. Мына Аяз атаны сиқырлап ортаға келтірші. ( шыршадан ойыншық аяз атаны береді)
Джин: (сиқырлап сәл үлкенірек аяз атаның ойыншығын шығарады)
Балалар: Жоқ, Аяз ата бұдан да үлкен!
Джин: (тағы да сиқырлап одан да үлкенін шығарады)
Балалар: Жоқ, Аяз ата – ойыншық емес, ол тірі адам!
Джин: Олай болса, бұл Аяз атаны тоңазытқышқа сап қояйық. Себебі, ол суықты, мұзды жақсы көреді. Суықта тұрып өсіп, үлкейеді.
(Ойыншықты тоңазытқышқа салады)
Жүр: Джин! Аяз атамыз үлкейгенше аяз ата туралы ән шырқайық.
Ән Аяз ата
Жүр: Балалар, аяз атамыз үлкейіп пе, мен қарайын. (қарайды) Жоқ, аяз атамыз әлі кішірек екен, ендеше, атамызды әдемі бимен тосайық.

Би
Джин: Мен тоңазытқышты ашайын. Ал сендер балалар Аяз атаны шақырыңдар.
Балалар: Аяз ата!
(Атаны айғайлап шақырады, тоңазытқыштан Аяз ата шығады)
Джин: Мінеки балалар мен сендердің үш тілектеріңді де орындадым, ал енді мен кетейін, сау болыңдар, жаңа жылды жақсы тойлаңдар! (Джин кетеді)
Аяз ата: Амансыңдар ма балғын бөбектерім! Мен сендерге асыға келдім, өздеріңнің маған арнаған өнерлерің бар екенін де білемін.
Жүр: Хош келдіңіз аяз ата! Біз сізді қуана тосып отырмыз, біздің балаларға әкелген сыйлықтарыңыз да бар шығар?
Аяз ата: Сыйлық демекші, мен сыйлықтарды ұмытып кетпейін деп Ақшақарға табыстап едім, ол әлі келмеген бе?
Жүр: Жоқ, келген жоқ.
Жүр: Енді не істедік? Балалар сыйлықтан құр қалатын болды ма?

Аяз ата: Сендер неге мұңаясыңдар. Саспаңдар, менің таяғым сиқырлы ғой, қазір сиқырлы сөз айтып, Ақшақарды осында келтіремін!
Келші, келші Қарша қыз
Күтеміз сені баршамыз!
(Музыкамен Ақшақар сыйлықты алып кіреді)
Ақшақар: Сәлеметсіндер ме, балалар! Аяз ата, кешіріңіз мен адасып кетіппін. Мені бір сиқырлы күш жетелеп, осында әкелді.

Жүр: Балалар, Мінеки Аяз ата да, Ақшақар да осында. Ендеше оларға тақпақтарымызды айтып берейік.
Балалар тақпақ айтады
Жүр: Аяз ата, ақшақар сіздерді көріп көңіліміз көтерілді. Тамаша көңіл күймен сіздермен қызықты ойын ойнағымыз келіп тұр.

Ойын
Аяз ата: Сендер сыйлық алғыларың келе ме? Олай болса алдымен маған өнерлеріңді көрсетіңдер.
Жүр: Аяз ата! Балалар өзіңізбен қосылып, ән айтып берсін

Ән Шырша жыры
Жүр: Ата! Біздің арамызда сіз секілді кішкентай санта клаустар бар. Солар би билеп берсін.

Би Санта
(Аяз ата сыйлықтарды таратады)
Әжей: Мінеки, құлыным Аладдинің сиқырлы шамы туралы ертегі осындай. Ал Аладдин мен Джиннің қатысуымен болған балабақшадағы Жаңа жыл мерекесі осылай аяқталыпты.


Скачать


zharar.kz