Дүниетану 4 сынып
Тақырыбы: Жердің өз білігінен айналуы. Күн мен түннің ауысуы және оның себептері
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: жердің өз білігінің айналуы арқылы күн мен түннің ауысатыны туралы түсінік беру
Дамытушылық: бақылау, байқампаздық сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту.
Тәрбиелік: өз беттерінше тапсырма орындауға, тиянақты болуға тәрбиелеу.
Өткізу әдісі: көрсету, сұрақ - жауап өз бетімен жұмыс істеу, түсіндіру.
Сабақ көрнекілігі: тақырып мазмұнына сай суреттер, глобус, үйлестірме қағаздар, сызба, ермексаз, жіп.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі:
1. Амандасу, танысу
- Сәлеметсіздер ме, құрметті, оқушылар. Бүгінгі сабақта кім жоқ?
2. Психологиялық дайындық: - Балалар сабағымызды бастамас бұрын көңілімізді көтерейік, бойымызды сергітіп алайық. Ол үшін менімен бірге қайталаймыз. Дүниетану жер шары,
Дүниетану ел шары.
Айналаны бағдарлап
Табиғатты зерттейік.
Жер байлығын бағалап
Қашанда еңбек етейік
II. Үй тапсырмасын тексеру:
- Балалар, біз өткен сабақта қандай тақырып өттік? (Глобус – Жердің дәл үлгісі)
Өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстыру
- Не білесің? (жер туралы)
- Не білдің? (глобус)
- Не білгің келеді? (Күн мен түннің ауысуы, жер білігі )
III Жаңа сабақ
- Иә, дұрыс айтасыңдар біз бүгін сендермен осы Жердің өз білігінен айналуы. Күн мен түннің ауысу және оның себептері жайлы өтетін боламыз.
- Менің қолымда не тұр? (глобус)
- Глобус яғни ол жер. Жер шар тәрізді дене, сыртын атмосфера қаптап тұрады, күнді айналып жүреді, серігі – Ай, 6 материктен тұрады, 4 мұхиттан тұрады. Бұл глобус не істейді? (айналады)
- Жердің өз білігінен айналуының нәтижесінде Жер шарының бетіндегі кез келген нүкте бірден Күн түсіп жарқырап, енді біраздан кейін көлеңкеге кетіп отырады. Екінші сөзбен айтқанда, күн мен түн ауысады.
Ой толғау: бір жағы қараңғы, бір жағы жарық. Күн түскен жағы күндіз, қараңғы жағы түн болады.
- Не байқадыңдар?
- Енді не өзгеріс болды?
Ой толғау: күн мен түн ауысты. Жер өз білігінен батыстан шығысқа қарай 24 сағатта бір рет айналып шығады. Жердің өз білігінен айналып шығуына кеткен уақыт тәулік деп аталады. Тәулік бір күн мен бір түннен тұрады.
- Балалар тақтада қандай сурет тұр, күн тәртібінің яғни біздің бір күнімізді қалай өткізетініміз көрсетілген. Осы күн тәртібіндегі талаптарды жақсы орындасаңдар күндерің жақсы әрі пайдалы өтеді.
Қосымша материалдармен таныстыру:
1) Жер қалай пайда болған?
Жер газ бен тозаңнан тұрған. Бұл шар суып қатты қабыршақ пайда болған.
2) Жер ғарыштан қандай болып көрінеді?
Жасыл және қоңыр дақтары бар ашық көгілдір түсті шар.
3) Жер ішінде не бар?
Ядро бар, өте ыстық, өте қатты, оған бұрғылаумен жету мүмкін емес. +4000°С Одан соң мантия болды. Ол ыстықтау жыныстарынан және жартылай Балқыған тау жыныстарынан тұрады. Жер қыртысы болды.
4) Жердің магниттік өрісі
Жердің магниттік планетаның ішіндегі қозғалыспен өндірілген оның электр токтарынан пайда болады. Магниттік өрісі көзге көрінбейді.
5) Жердің ашылуы
Жерді алғаш Эратостен деген грек математигі ашты.
Жердің өз білігінен айналуы. Күн мен түннің ауысуы және оның себептері. жүктеу