Өкшемен жүру

Скачать

Тақырыптар:
1. Допты ойынға қосу
2. Футбол ойыны
3. Дене шынықтыру сабағында қолданылытын қауіпсіздік ережелері

Тақырыбы: Допты ойынға қосу
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға волейбол ойнына қызықтыру, қимылын, қозғалысын, қабілетін, шапшаңдығын арттыру, топ болып ойнау арқылы оларды бауырмалдыққа, бірлікке, татулыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу.
Сабаққа қажетті құрал – жабдықтар: волейбол доптары, ауыр доптар, сетка, ысқырық.

Р с Сабақтың мазмұны
І. Дайындық бөлімі - 12 минут
1. а) Сапқа тұрғызу, рапорт беру. Кезекшілік міндет, сәлемдесу.
б) Сабақтың мақсатын түсіндіру.
в) Саптағы жаттығулар оңға , солға , артқа бұрылу.

2. Көңіл – күйге арналған жаттығулар:
1. Аяқ ұшымен жүру;
2. Өкшемен жүру;
3. Табанның сыртқы қырымен жүру;
4. Жартылай отырып жүру;
5. Толық отырып жүру.

3. Жүгіру жаттығулары:
1. Қолды созып тізені жоғары көтеріп жүгіру;
2. Қолды жамбасқа немесе артқа қойып, аяқты артқа серпе жүгіру;
3. Оң, сол жанымен жүгіру.

4. Қозғалыстағы жаттығулар:
а) 1 - 2 сол қол жоғарыда, оң қол төменде 3 - 4 оң қол;
б) Б. қ. Қол иықта 1 - 2 қолды алға айналдырамыз, 3 - 4 артқа айналдырамыз;
в) Б. қ. Саусақтарды айналдырамыз 1 - 2 алға, 3 - 4 артқа айналдырамыз;
г) Б. қ. Қол кеудеде 1 - 2 қол артта, 3 - 4 алға айналдырамыз.

Атырау облысы, Исатай ауданы, Хамидолла Наубетов
атындағы орта мектептің дене тәрбиесі пәні мұғалімі
Масалова Мейрамгул Кадилбекқызы

Толық нұсқасын жүктеу
Толық нұсқасын жүктеу


Скачать


zharar.kz