Қазақстандық қоғамдық түбегейлі қайта құрулар барлық әлеуметтік топтар, соның ішінде жастардың да басына түскен бір тұтас жүйенің құлдырауымен бірге жүреді. Бұл асу бір сәтте және барлық адамдар үшін бірдей болуы мүмкін емес. Қазақстандық модернизмнің айқын айғағы тек қана жас әрі қуатты "жаңа қазақтар" емес, сонымен бірге кедейлер мен қаңғыбастар, ал олардың ішінде қаншама жасөспірімдер, балалар мен жастар бар. Жастар жұмыссыздар қатарын толықтыруда, жастар арасындағы қылмыстың көрсеткіштері өсуде.
Қажетсіз мамандықтардың көбейе түсуі жұмыссыздықгың өсуіне, жастардың бәсекелестігінің төмендеуіне, қоғамда өз орнын таба алмауына әкеліп соқтыруда. Жұмыссыздар ішінде бүгінде жастар тобының алар орны өте үлкен.
Соңғы екі жыл ішіндегі экономикалық реформаларды талдау жастар арасындағы жұмыссыздықгың өсе түскендігін көрсетті. Сонымен бірге жастарды жұмысқа орналастыру да төмендеп кеткен. Ресми жағынан алғанда, жас еңбек ресурстарының саны айтарлықтай жоғары, бұл жас жұмыссыздардың өсе түскендігін болжауға мүмкіндік береді. Мұнымен бірге белгіленген жұмыс орындарына қабылдаудың қысқара түсуі және орта арнаулы оқу орындарына қабылдаудың азайғандығы байқалады. Ендеше оку орнын бітірушілердің көпшілігі жұмыссыз қалады деген сөз.
Жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныстың арасындағы айырмашылық өсе түсуде.
Бүтінде жасөспірімдер мен қыздар ақысы төмен, әрі біліктілігі төмен жұмыстарға қызыпдайды, соған қарамастан жоғары оку орындарының және басқа да білім мекемелеріндегі мамандар даярлау сапасы еңбек рыногінің талаптарына сай келмей отыр.
Мұндай жағдайда жастар арасында әлеуметтік қорғансыздық сезімі өсе түседі және олар өздерінің өмірлік деңгейін кез-келген жолдармен көтеруге ұмтылады.
Нақты индустриалдық әлем, нарыққа өту кезеңі тұрақсыздық пен әлеуметтік және жеке жағдайдағы тұйықгалуға ұмтылдырады, білім алу, еңбек, жүйелі құндылық плюрализмінде бұрын болмаған кең көлемдегі тавдауды тудырады. Бүгінде жоғары оқу орнын бітіруші мамандық таңдау, жұмыс іздеу және еңбектің сапалы нәтижелеріне тікелей жауапты болып отыр. Сонымен қатар, бүгінгі таңдағы қазақстандық қоғамның тоқырау жағдайы модернизациялау процесі мен әлеуметтік дамуды қиындатады.
Бостандық туралы, "қарғысты өткен кезеңнің" мұрасынан құтылу туралы ұрандарды романтикалық қабылдаудан кейін осындай популистік кадамдардан соң жастарға "жасыл көше" ашылғандай, ерекше мәселелер болмауы тиіс сияқты көрінген еді. Арнаулы жастар саясатының орнына жастардың ғылымдағы, мәдениеттегі, бос уақытындағы енді аяғынан тік тұрып келе жатқан қазақстандық іскерлікке еркін шығармашылығына сүйену қажет делінеді.
Дегенмен бұл аңғал романтизм өкшелеп келген нақты шындықган көп алшақ еді. ТМД мемлекеттеріндегідей Казақстанда да ерекше мәселелер бар. Статистикаға қарасақ, бүгінгі жүмыссыздардың үш бөлігіне жуығы — жас адамдар. Бес пайызы ғана шын мәнінде көркею үстінде, ал үштен екісі кедейшілік тауқыметін тартуда немесе одан да қиын жағдайда. Көптеген жас отбасылар үшін балалы болу қол жетпес арман секілді, туу көрсеткіші өте төмен, соған қарамастан жастар арасындағы өлім деңгейі қарттармен салыстырғанда екі есе жоғары.
Тағы бір өткір мәселе - жастардың мүмкіндіктері мен күш-қуаты бұл қоғамға қажетсіз болып отыр. Олардың өмірде аяғынан тік тұруы өте қиын.
Өтпелі кезең ұраншылдықты тудырады. Бүгінде қазақстан жастары, аға ұрпақ сияқты тұрақсыздық пен жайсыздықты бастан өткізуде, түрлі айтыс-
тартыстың көзі болып отыр.
Жастар аға және орта ұрпаққа қарағанда уақыттағы түрлі жағдайлардағы деректер, пікірлер және болған уақиғалардағы сәйкессіздіктерді қатты, эмоцияны қабылдайды. Басқа жағынан алсақ, жастар үшін өткенмен қоштасу жеңілдеу, олар болашақтан үміткер. Бүгінгі бейбітшілік пен тұрақтылық, жаугерлік пен айтыскеріс қарым-қатынасты ертеңгі қазақстан қоғамының болашағына жастардың қандай орын алатындығын көрсетеді.
Сонғы жылдардағы экономикалық, әлеуметтік және саяси қайта құрулар азаматтық қоғам, нарыктық экономика демократтық құқықтық мемлектті дамытуға алғышарттар жасады.
Бірақ. өтпелі кезеңдегі объективті қиындықтар, үкіметтің мемлекеттік органдарының қызметіндегі тұрақсыздық, реформаны жүзеге асырудағы кателіктер жастар арсындағы сенімсіздік пен көңіл калуды туғызады.
Егер де мемлекет болашаққа бағыт ұстаған болса, ол жастардың санасындағы өзгерістерсіз жүзеге аспайды. Бүгінгі жастар қандай болса — болашақ та сондай болмақ. Адам төзгісіз жағдайларда өмір сүріп жатқан және осыған лайық менталитетке ие болған жастар болашақты да осындай санамен құрады. Сондықтан да мемлекет жастардың санасын қалыптастыруға, нақты бағыттағы саналы күш-жігер жұмсауы тиіс. Жастар — қоғамның ең басты стратегиялық ресурсы. Тек қана құрылыс және өндірістік жобаларды қаржыландырып қана қоймай, адамға да қаражат бөлу қажет.
Қазақстандағы жастар саясатының түп негізін қайта қарау қажет. Жастар саясатының екі түрі бар: біріншісі, мүгедек балаларға, қиын жағдайға үшыраған жасөспірімдерге, жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсету және екіншісі, жас адам белгілі бір жағдайларда өз мәселелерін өзі шеше алатын, өзін-өзі қорғау бар. Әзірге біздің жастар саясаты негізінен бұған дейін жасалған қателіктерді түзетумен шекетеліп келеді. Жастар саяси, экономикалық, мәдени, құқықтық және күңделікті мәселелерін шеше алатындай жастар саясатының концепциясын қайта қарау қажет.
Жастар саясатын жүзеге асыру жастар өздерінің құрылыдары арқылы тікелей қатысуы.Жастардың және қоғамдық ұйымның қарым-қатынасы "партнерлік қарым-қатынас бағдарламасы" принципінде құрылуға тиіс; жастар өз бастамасы мен мүмкіндіктерін ұсынады, ал қоғамдық ұйым нақты жағдайға байланысты құқықтық, саяси, ұйыдастыру-техникалық, қаражаттық және шараттық көмек көрсетеді. Басым бағдарламалар жастардың кәсіби, шығармашылық, рухани өсуі және жастардың халықтық әлеуметтік қорғалмаған топтарына көмегі болып табылады.
Соңғы екі жыл ішінде ішкі көші-қон есебінен 158 мың адамға кеміп кеткен ауыл-жастарының жағдайына ерекше көңіл бөлген жөн.
Мемлекеттік статистика деректеріне қарағанда, ауылдық жерлерде 21,1 мың жұмыссыз жастар тіркелген, бұл барлық жұмыссыз жастардың 31,2 пайызы.
Бүгінде ауыл жастары тіршіліксіз аралда қалғандай күйде, елімізде болып жатқан оқиғалардан хабарсыз, клубтар мен кітапханалар жабылған, жұмыссыздық пен шарасыздық ауыл жастарын қоғамның "масылдарына" айналдырды. Ал, байқап қарасақ, ауылдан қазақстанның мақтанышы болып табылатын Қ. Сәтбаев, М. Әуезов, Б. Момышұлы және басқалар сияқгы талантты, атақты адамдар шықты емес пе?!
Ауылдағы өркениеттің жалғыз ошағы — парталары қирап біткен мектептер, ал әкімшілігінің басты мақсаты қысқа көмір табу.
Ауыл жастары да — мемлекетіміздің болашағы болып табылады. Біз олардың ішінен тек білімді жастарды ғана емес, сонымен қатар жан-жақты дарынды, тәрбиелі жастарды көруіміз керек. Сондықтан да мемлекет тікелей ауылды қолдауға тиіс. Біздің азаматтық міндетіміз ұрпаққа отанымыз біреу ғана екендігін, оның аты Казақстан екендігін, ол кептеген ұрпақтардың тері мен қаны арқылы құрылғандығын және оның болашағы қазіргі жастардың қолында екендігін жеткізуіміз болып табылады, өйткені қазақ халқының ғасырлар бойғы арманын:жүзеге асыру және XXI ғасырда алаңсыз өмір сүру солардың қолында.
Әлемнің барлық алдыңғы қатарлы елдерінде жастар және балалар ұйымдары мемлекеттік көмекті пайдаланады, олардың маңызды .әлеуметтік жобалары бюджеттен қаржыландырылады.
Сондықтан да республикадағы жастар қозғалысының бұдан әрі дамуы мемлекеттің қолдауынсыз аса қиын болмақ.
2.ҚР-ғы жастардың әлеуметтік қазіргі жағдайы.
Әрбір қоғамның, әрбір отбасының ертеңгі келбеті ондағы жастардың қалай өсіп? ержетуіне байланысты. Сондықтан, бұл мәселеге мән беру тұрмыстық-әлеуметтік көзқарас ғана емес, саяси салмағы бар үлкен міндеттердің бірі деп атасақ, артық айтқандық емес. Кеше де солай болган, келешекте де солай бола береді Қазақ халқы да ежелден "ат тұяғын тай басар" жастарының жайына бейжай қараған жоқ. Сондықтан да ата-баба мирас еткен намыстылық, имандылық, отанды сүю? ынтымақ пен бірлікті берік сақтау үрдісі әлсіреген жоқ, қайта жаңғырьш, одан әрі жажасын тауып отырды. Ата буынның үмітін бала буын ақтай білді Қысқасы, ұяда не көрсе, ұпақ соны ілді. Бүгінгі тандағы жайлар мүлдем жауапты. Егемен елдің ертеңгі тағдыры, ең алдымен қазақты, барша Қазақстаңдықты тынымсыз ойландыруға тиіс.Оның басты өлшемі мынау: жастарымыз қалай өсіп келеді екен деген сауал. Олардың жан-дүниесінде қандай жасырулар бар? Не нәрсеге еліктейді, не нәрседен бой тартады? Ұлттық болмыстарға деген жанашырлықтары қандай? Міне, осы тектес сандаған сұрақтардың алдымызды кескестейтіні рас.
Жастардың мүмкіндігіне қарай, қоғамдағы болып жатқан оқиғаларды өзін оқшау ұстамағаны жақсы. Өйткені, олар - елдің келешегі. Ата жолын жалғастыратын мұрагер. Бүгінгі аяқталмай жатқан істерді мәреге жеткізетін солар. Сол үшін де жастарға белсенділік, сергектік пен, кәсібилік өте керек. Және мұндай болу жастар табиғатына жарасатын мінез. "Егер біз лаулап жансақ..." деген тіркес бар. Сол тіркестің мағынасы әлі өз күшінде. Онда жастарымыздың саяси өмірге араласып, қатысын тұруы міндетті емес пе?
Қолда бар деректерге қарап отырсақ, Қазақстан халқының басым бөлігі жастар дей аламыз. Ендеше, олар саясатта да шешуші рөл атқара алады. Себебі, жастар қоғамымыздың ең белсенді бөлігі. Барлық кезде осылай болған.
Комсомол сияқты ұйым болмаса да жастар саясаттан тыс өмір сүре алмайды. Азаматтық ұстанымын білдірмей тұра алмайды. Мәселен, Елбасы саясатын қолдаған митингі "Отан", "Азаматтық" партиялармен бірге "Талапкер" жастар қозғалысы да ұйымдастыруға белсене қатысты. Олар оң өзгерістерді қолдады, өз жүректерінің талғамымен бәрін таразылаған. Отанымыздың өркендеп, ілгері басуы жастар үшін де керек.
"Біз Елбасымен біргеміз!". Бұл тәубе ететін тәуелсіздігімізді алғаннан кейінгі жылдарда ел жастары жиі қайталайтын жігерлі сөз. Жастар саясаты саласындағы алғашқы құжаттардың бірі "Қазақ ССР-індегі мемлекеттік жастар саясаты" Қазақ ССР заңы 1991 жылы бекітілген. Заң, жалпы, 5 тараудан, 25 баптан тұрады. Заңда көрсетілген басты бағыт Мемлекеттік жастар саясаты республикасының мемлекеттік өкімет және басқару органдары арқылы жастарды әлеуметтік жағынан дамыту мен олардың шығармашылық потенциалын мейлінше толық іске асыру үшін әлеуметтік-экономикалық, саяси-праволық, ұйымдық жағдайлар жасау. Ал, 1995 жьшы жаңа Азаматтық кодекс дүниеге келді. Алғаш жаңа ұйым - Қазақстан жастарының конгресі құрылды. Бұл өтпелі кезевде қоғамдағы саяси процестерге үлкен ықпал ететін күшті механизм болар деген үміт артып,
2001 жылы Ақтау қаласында Қазақстан жастарының I Конгресі өтті. Ал,
2002 жылы Қазақстан жастарының II Конгресі Астанада жалғасын тапты.
Бұл салаға Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың назар аударуы - жастар саясатына
үлкен демеу бола алады. Мұны Елбасының конгресте сөйлеген сөзінен
байқауға болады:
"Біз өте шешуші, әрі жауапты кезеңде өмір сүріп отырмыз. Бүгінгі әлемде экономикалық проблемалар, ұлтаралық соғыстар мен жанжалдар, халықаралық терроризм деген қатерлер бар. Оған ғаламдық дертке айналған аштық, жалаңаштық, кедейлікті қосыңцар. Бүкіләлемдік банк мәліметтеріне сүйенсек, жер бетінде 1 млрд. 200 млн-ға жуық адам кемтарлықта, жоқшылықта өмір сүреді екен. Міне, осындай теңсіздіктен, кедейліктен терроризм мен түрлі жанжалдар туады. Дегенмен, осынау қауіп-қатерлерге қарамастан XXI ғасыр жаңару, өсу, адамзаттық құндылықтардың салтанат құру ғасыры. Бұл сендердің дәуірлерің! Прогресс қанша алға басқанымен қай кезде де адамзаттың негізгі құндылықтары – мәдениет, ілім-білім, спорт, еңбек болып қалмақшы. Совдықтан да біз ұлы тарихи миссияны орындаймыз. Жаңа мемлекет құрамыз. Ол ерікті, демократиялық, дамыған, бейбітшілік сүйгіш елге айналу үшін сендер де өз үлестерідді қосасыңдар!" Жаңа ғасыр жастардың қолында.// Астана Ақшамы, 2002, 27 щілде). Әрине, осындай сөзден кейін басты назарды жастарға аудару керек екеніне сшкім күмән келтірмесі анық. Қазіргі күігі Қазақстандағы жастар саясаты саласындағы басты құжаттар "Қазақстан Республикасының жастар саясатының Тұжырымдамасы" бскітілді, Республикалық "Жастар" бағдарламасы қабылданды, Жастар департаменті құрылды. Осы барлық шаруалардың басықасында Қазақстан болашағы үшін жастар қозғалысына мүше ұйымдар жүр. Олардың саны 1998 жылы онға жетпейтін, бүгінгі күні елуден абып отыр. Ал республикамыздағы жастар ұйымдарының саны 150-ден асып жығылады.
Осы айтылып кеткен шаралардан кейін халқымыздың төрт миллионға жуық үлкен әлеуметтік тобын құрайтын жастардың қоғамымыздағы алып отырған орны мен олардың рөлін белгілейтін нормативтік құжаттың қабылдануы заңды құбылыс. Бұл нормативтік құжат - бүгінгі күнге дейін көптеген жастар ұйымдары талқьшаған ҚР Мәдениет, ақпарат жөне қоғамдық келісім министрлігі дайындаған "ҚР Мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заңның жобасы.
Бұл Заңнан не тосуға болады? Ашығын айту керек, бұл заң жастардың барлық мәселесін шешіп тастай алмайды. "Мәселені шешпейтін болса, мұндай заңның керегі не?"-деген сұрақ та туындауы мүмкін. Бұған беретін жауап: жүмыссыздық, баспананың жоқтығы, жоғары білім алу жолдарының қиындауы, қоғамда қылмыстың етек алуы, нашақорлық пен маскүнемдіктің қанат жаюы. Сол себептен, бұл мәселелерді жастар үшін бөліп алып шешу мүмкін емес, қоғамның ажырамас бөлігі ретінде қарау керек. Ал барлық мәселені ысырып қойып, тек жастардың ғана мүддесіне назар аударайық деу үлкен қателік. Заң біздің мемлекеттің өзінің жастарына деген бетбұрысын көрсетеді.
Тәуелсіздігіміздің онжылдығын абыроймен атап өттік. Енді әлеуметтік салаға ден қою - күн тәртібінде тұрған басты мәселе. Өйткені жүргізіліп жатқан реформалардың әрі қарай екпіндеуі осы реформаларды қолдайтын әлеуметтік базаны кеңейтуге байланысты. Ал, реформаларды қолдайтындардың санын қалай және кімдерді тартып көбейтуге болады? Әрине, жастарды. Заңның тағы бір мәселеге назар аударуда қолбағысы, біздің қоғамда зейнеткерлердің, мүгедектердің, әйелдердің өз құқықтарын қорғап, наразылық білдіруіне назар аударылды. Бүгінгі күні жастарға "Екі қолың бар,екі аяғың сау. Сенің бізден бірнәрсе күтуің қателік. Сен қалай да өз еліңнің патриоты болып, ештеңе сұрама. Сенсіз де мәселелер бастан асып жатыр" деген сөздер жиі айтылады. Бұл олардың өз елінен қашып, білімін және күш-жігерін басқа жерде сатуына өкеліп соктырады. Оның үстіне жастар наразылық білдірмесе, мәселе жоқ деп ойлау қате пікір. Жастардың наразылығы олардың маскүнемдік пен нашакорлықка бет бұруына, жастардың арасында қылмыстық жолға түскендердің пайда болуына, жас отбасылардың бала санын көбейтуден бас тартуына, реформаларға қарсы күштердің айтқандарына ілесуіне. осы секілді көптеген теріс өрекеттерден көрінеді.
Бүгінгі күнге дейін жүргізіліп келе жатқан саясаттьщ аландататын тағы бір түсы: Қазақстан тәуелсіздігін алған кезде республика азаматының орта жасы 24-25 жас болатын, ал бүгінгі күні 30-дан асып кетті. Бұл ел ағаларын да аландататын жағдай. Өйткені мұндай қарқынмен енді 20-25 жылда қазақстандықтардың орта жасы 55-тен асып кетеді. Сонда жұмысты кім істейді? Кім бала туады? Кім қарулы күштерде қызмет етіп, Отанын қорғайды? Небәрі 4 тарауды құрайтын 18 бабы бар Ззң жобасының қоғам алдында тұрған мәселелерді шепіуге үлкен үлес косатын кұжат екенін осыдан көруге болады.
Мінеи, жастар саясатын қолдайтын біраз құжаттарымыз бар? ал жастарымыздың бүгінгі жайы қалай? Жастарымыз қалай өсіп келе жатыр?
Зерделеп қарасаңыз, бүгіндері жастарымыздың қамқорекеттерінде жаңа бір үрдіс байқалады. Ол өздері өмір сүріп отырған коғамға, яки күнделікті тұрмысына қанағаттанбағандықтан қайткен күнде де соны өзгертуге тырысушылық. Осының жолында қандай әрекеттерге болсын барын олар әзір.
Қазақстандық қоғамдық түбегейлік қайта құрулар барлық әлеуметтік топтар, соның ішінде жастардың да басына түскен бір түтас жүйенің құлдырауымен бірге жүреді. Бұл асу бір сәтте және барлық адамдар үшін бірдей болуы мүмкін емес. Қазақстандық модернизмнің айқын айғағы тек қана жас әрі қуатты "жаңа қазақтар" емес, сонымен бірге әлеуметтік жағдайы төмен адамдар, ал олардың ішінде каншама жасөспірімдер, балалар мен жастар бар. Жастар жұмыссыздар қатарын толықтыруда, жастар арасындағы қылмыстың көрсеткіштері өсуде. Қазіргі таңда айтарлықтай сұранысқа ие болмай жатқан мамандықтың көбейе түсуі жұмыссыздықтың өсуіне, жастардың бәсекелестігінің төмендеуіне, қоғамда өз орнын таба алмауына әкеліп соктыруда. Жұмыссыздар ішінде бүгінде жастар тобының алар орны өте үлкен.
Соңғы жылдар ішіндегі экономикалық реформаларды талдау жастар арасындағы жұмыссыздықтың өсе түскендігін көрсетті. Сонымен бірге жастарды жұмысқа орналастыру да төмендеп кеткен. Ресми жағынан
алғанда, жас еңбек ресурстарының саны айтарлықтай жоғары, бұл жұмыссыздардың өсе түскеңдігін болжауға мүмкіндік береді. Мұнымен бірге белгіленген жұмыс орындарына қабылдаудың қысқара түсуі жөне орта арнаулы оқу орындарына қабылдаудың азайғандығы байқалады. Ендеше оқу орнын бітірушілердщ көпшгілігі жұмыссыз қалады деген сөз.
Жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныстың арасындағы айырмашьшық өсе түсуде.
Бүгінде жасөспірімдер мен қыздар ақысы төмен әрі біліктілігі төмен жұмыстарға қызықпайды, соған қарамастан жоғары оқу орындарыньщ басым көпішлігінің мамандар даярлау сапасы еңбек рыногінің талаптарына сай келмей отыр.
Мұндай жағдайда жастар арасында әлеуметтік қорғансыздық сезімі өсе
түседі және олар өздерінің өмірлік деңгейін кез келген жолдармен көтеруге
ұмтылады. ; \
Нақты индустриалдық әлем, нарықтық заман тұрақсыздық пен әлеуметтік жөне жеке жағдайдағы тұйықталуға ұмтылдырады? білім алу, еңбек, жүйелі құндылық плюрализмінде бұрын болмаған кең көлемдегі таңдауды тудырады. Бүгіңде жоғары оқу орньш бітіруші мамандық тандау жұмыс іздеу және еңбектің сапалы нәтижелеріне тікелей жауапты болып отыр. Сонымен қатар қазақстандық қоғамның тоқырау жагдайы өлеуметтж дамуды қиындатады.
Статистикаға қарасақ, бүгінгі жұмыссыздардың үш бөлігіне жас адамдар. Бес пайызы ғана ыіын мәнінде көркею үстіңде, ал үштен екісі кедейшілік тауқыметін тартуда немесе одан да қиын жағдайда. Көптеген жас отбасылар үшін балалы болу қол жетпес арман секілді, туу көрсеткіші өте төмен, соған қарамастан жастар арасындағы өлім деңгейі қарттармен салыстырганда екі есе жоғары.
Тағы бір өткір мәселе - жастардың мүмкіндіктері мен күш-қуаты бұл қоғамға қажетсіз болып отыр. Олардың өмірде ажынан тік түруы өте қиын.
Өтпелі кезең ұраншылдықты тудырады. Бүгіңде Қазақстан жастары, аға ұрпақ сияқты тұрақсыздық пен жайсыздықты бастан өткізуде, түрлі айтып тартыстың көзі болып отыр.
Жастар аға және орта ұрпаққа қарағанда уақыттағы түрлі жағдайлардағы деректер, пікірлер және больш жатқан уақиғалардағы сәйкессіздіктерді терең сезіммен, эмоциялы қабылдайды. Басқа жағынан алсақ, жастар үшін өткенмен қоштасу жеңілдеу, олар болашақтан үміткер. Бүгіші бейбітшілік пен тұрақтылық, жаугерлік пен айтыс-керіс қарым-қатынастары ертенгі Қазақстан қоғамының болашағында жастардың қандай орын алатындығын көрсетеді.
Сонуы жылдардағы экономикалық, әлеуметтік: және саяси қайта құрулар азаматтық қоғам, нарықтық экономика демократтық құқықтық мемлекетті дамытуға алғышарттар жасады. Бірақ, өгаелі кезеңдегі объективті қиындықтар, үкіметтің мемлекеттік органдарының қызметіндегі тұрақсыздық, реформаны жүзеге асырудағы қателіктер жастар арасында сенімсіздік пен көңіл қалуды туғызады.
Егер де мемлекет болашаққа бағыт ұстаған болса, ол жастардың санасыңдағы өзгерістерсіз жүзеге аспайды. Бүгінгі жастар қандай құңдылықтармен тәрбиеленсе, болашақ та соңдай болмақ.Адам төзгісіз жағдайларда өмір сүріп жатқан және осыған лайық менталитетке ие болған жастар болашақты да осындай санамен құрады. Сондықтан да мемлекет жастардың санасын қальштастыруға, нақты бағыттағы саналы күш-жігер
жұмсауы тиіс. Жастар - қоғамның ең басты стратегиялық ресурсы. Тек қана құрылыс және өндірістік жобаларды қаржыландырьш қана қоймай, адамның жан-жақты? соның ішінде мәдени-рухани әлеуметтік дамуына баса назар аудару қажет.
Қазақстандағы жастар саясатының түп негізін қайта қарау қажет. Жастар саясатының екі түрі бар: біріншісі, мүгедек балаларға, қиын жағдайға ұшыраған жасөспірімдерге, жұмыссыздарга әлеуметтік көмек керсету және екіншісі, жас адам белгілі бір жағдайларда өз мәселесін өз шеше алатын, өзін-өзі қорғау бар. Әзірге біздің жастар саясаты негізінен бұтін дейін жасалған қателіктерді түзетумен шектеліп келеді. Жастар саяси, экономикалық, мәдени, құқықтық, әлеуметтік және күнделікті мәселелерін шеше алатындай жастар саясатынын концешщясын қайта қарау қажет.
Жастар саясатының жүзеге асырылуында жастар өздерінің қоғамдық құрылымдары арқылы тікелей атсалысуы кажет.
Жастардың және қоғамдық ұйымның қарым-қатынасы "әріптестік қарым-қатынас бағдарламасы" құрылуға тиіс: жастар өз бастамасы мен мүмкіндшгерін ұсынады, ал қоғамдық ұйым нақты жағдайға байланысты құқықтық, саяси, ұйымдастыру-техникалық, қаражаттық жөне ақпараттык көмек көрсетеді. Басым бағдарламалар жастардың кәсіби, шығармашытык, өсуі және жастардың халықтық әлеуметтік қорғалмаған топтарына көмегі болып табылады.
Соңғы екі жыл ішінде ішкі көші-кон есебінен 158 мың адамға кеміп кеткен ауыл жастарынан жағдайына ерекше көңіл бөлген жөн.
Мемлекетгік статистика деректеріне карағанда, ауылдық жерлерде 21,1 мың жұмыссыз жастар тіркелген бұл барлық жұмыссыз жастардың 31,2 пайызы.
Бүгінде ауыл жастары тірішліксіз аралла қалғандай күйде, елімізде болып жатқан оқиғалардан хабарсыз. клхбтар мен кітапханалар жабылған, жұмыссыздық пен шарасыздық жастарын қоғамның "масылдарына" айналдырды. Ал, байқап карасақ Қазақстанның мақтанышы болып табылатын Қ.Сәтбаев, М.Әуезов, Б.Момышұлы және басқалар сияқты талантты, атақты адамдар шықты емес пе?.
Елбасының нұсқауы бойьшша алдағы үш жыл катарынан ауыл жылы болып бекітілді. Енді, әсіресе, ауыл жастарына ерекше назар аударылар деген үміт бар. Ауыл жастары да мемлекетіміздің болашағы болып таблады. Біз олардьщ ішінен тек білімді жастарды ғана емес, сонымен қатар жан-жақты дарынды, тәрбиелі жастарды көруіміз керек. Сондықтан да мемлекет тікелей ауылды колдауы тиіс. Біздің азаматтық міндетіміз ұрпаққа отанымыз біреу ғана екендігін, оның аты Қазақстан екендігін, ол көптеген ұрпақтардың тері мен каны аркылы құрылғандығы және оның болашағы қазіргі жастардың колында екендігін жеткізуіміз болып табылады, өйткені қазақ халкының ғасырлар бойғы арманын жүзеге асыру және XXI ғасырда алаңсыз өмір сүру солардың қолында.