Адамдарды сынама, Түнде айға қарама

Скачать

Қазақтың ырым - тыйымдары
▪ Ұнасын, ұнамасын,
Бұзба құстың ұясын.
▪ Ұқсама тентек балаға,
Пышақтың жүзін жалама.
▪ Шаршасаң сәл – пәл аялда,
Бірақ та жерді таянба.
▪ Құр беталды ермекке
Бос бесікті тербетпе.
▪ Жақтыр, мейлің жақтырма,
Нанды жерге лақтырма.
▪ Жоқ әдетті шығарма,
Түнде көлден су алма.
▪ Адамдарды сынама,
Түнде айға қарама.
▪ Ақыл - есің бүтінде
Кісіге қарай түкірме.
▪ Ұлттық салттан бұлжыма,
Жұма күні кір жума.
▪ Дастарханға емінбе,
Көп алдында керілме.

Сіз қандай ырым-тыйымдар білесіз бөлісе отырыңыз! Пікір қалдыру жолына жазба қалдыруға болады.


Скачать


zharar.kz