Азотты ашқан ғалым

Скачать

Химия 9 сынып

Сабақтың тақырыбы: Фосфор және қосылыстары (презентациясымен)
Сілтемелер: Күнтізбе жоспар, оқулық, интернет желісі.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

1. Ұйымдастыру: (2 минут)
2. Үй тапсырмасын сұрау.
Сабақтың мақсаты:
Фосфор элементі туралы толық мағлұмат беру, қасиеттерін сипаттайтын тәжірибелер арқылы өздері жұмыс қорытындысын сипаттауға үйрету оқушыларды еңбексүйгіштікке, жауапкершілікке тәрбиелеу. Химиялық реакция теңдеулерін сипаттап жазу дағдысын дамыту, тіл шеберлігін, білімге құштарлығын, дүниетанымдық көзқарасын арттыру шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру.
Сабақтың нәтижелері:
1. Оқушыларда фосфор және оның қосылыстары, оның қасиеттері жайлы білім қалыптасады.
2. Химиялық реакция теңдеулерін сипаттап жазу дағдысын дамытып, тіл шеберлігін, білімге құштарлығын қалыптастырады.
3. дүниетанымдық көзқарасын арттырып шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыланады.

Мұғалімнің іс - әрекеті
1). Оқушыларға шеңбер құрғызып, сурет қиындылары арқылы 3 топқа бөлемін.
2. он сұрақ арқылы үй тапсырмасын тексеру және бекіту.
1. Ауаның неше пайызын азот құрайды? (78)
2. Азот қышқылының тұзы қалай аталады? (нитраттар)
3. Аммиактың судағы ерітіндісі қалай аталады? (мүсәтір спирті)
4. NO - азоттың (ІІ) оксиді қандай жағдайда түзіледі?(атмосферада найзағай ойнағанда)
5. Аммиактың ерітіндісі халық арасында қалай аталады?(мүсәтір спирті)
6. “Азот“ деген атауды ұсынған ғалым? (А. Лавуазье)
7. Азот бөлме температурасында қандай элементпен әрекеттеседі?(тек литиймен)
8. “Азотты“ ашқан ғалым?(Резерфорд)
9. Азоттың сутекті қосылысы қалай аталады? (аммиак)
10. Азот қай жылы ашылды? (1772ж.)
3). сандар сөйлейді
78 - Ауаның құрамындағы азоттың пайызы.
14 - Аr(N)=14
28 - Mr(N2)=28
5 - азот бесінші топта орналасқан
7 - реттік нөмірі жетіге тең
2 - Азот 2 - ші периодта
210 – қату температурасы
196 - балқу температурасы
1, 25 - 1литр азот газының массасы
1772 - Азотты алғаш рет ағылшын химигі Резерфорд ашқан.

2. Тақтада әр түрлі сандар жазып, олардың нені білдіретінін сұраймын:
31, 3, 15, 5, 56, (2, 8, 5),(- 3,+3,+5), 1969, 600, 1935

Әр топқа тапсырманы өзара оқып, түйінін айтуды сұраймын. Фосфор мен азоттың ұқсастықтары мен айырмашылығына тоқталып, кестені толтыру.



Скачать


zharar.kz