Шығыс Қазақстан облысы,
Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылы
М.Ломоносов атындағы орта мектеп КММ
бастауыш сынып мұғалімі Абраимова Нургул Сеитжапаровна
Сабақтың тақырыбы:"Көркем жазу"жарысы
Сабақтың мақсаты:
1. Бастауыш сынып оқушыларын көркем жазуға, өз ойын толық жазбаша жеткізуге, және баяндауға баулу.
2. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
3. Эстетикалық тәрбие беру.
Көрнекілігі: Интербелсенді тақта, шарлар
Түрі:жарыс
Қатысатын сыныптар: 1-4 сыныптар
Жүргізуші:
- Қош келдіңіздер, құрметті ұстаздар мен қонақтар, оқушылар! Сіздер "көркем жазу" жарысын көруге келіп отырсыздар.
Жүргізуші:
Армысыңдар, ардақты көрерменім,
Қошаметтеп, дем беріп, қолда бәрін.
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы
Сіздер үшін осы кеш ашылады.
Жүргізуші:
Жарыстың бірінші кезеңінде оқушылардың математика, қазақ тілі дәптерлерінің жүргізілу деңгейі, тазалығы көркем жазуы арқылы оқушылар іріктеліп алынды.
Жүргізуші:
Бүгінгі күні жарысқа қатысушылар өздерінің қалай көркем жазатындарын көрермендер алдынды дәлелдейді.
Жүргізуші:
Сайыс ... кезеңнен тұрады