Сыныбы: 5
Математика
Сабақтың тақырыбы: Дұрыс бөлшектер. Бұрыс бөлшектер (презентациясымен)
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: оқушыларға дұрыс және бұрыс бөлшектің не екенін білгізу және оларды ажырата білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру. Белсенділіктерін арттыру, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын дамыту. Оқушының ауызша сұрақтарға тез жауап беру қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілік: Оқуға саналы сезімге, жауапкершілікке өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу. Тез ойлап, тез қорытуға және сөйлеу мәнеріне тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы
Сабақтың әдісі: тест тапсырмалары, есептер шығару, сұрақ – жауап, сергіту ойындары, топтық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Сабаққа қатысты сызбалар, интерактивті тақта, кеспелер, фишкалар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
Амандасу, түгендеу, оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру. Құралдарын түгендеу. Сыныптың әзірлігін байқау.
ІІІ. Тез жауап (сұрақ - жауап)
1. Жай бөлшек неден тұрады?
2. Үлес дегеніміз не?
3. Бұрыс бөлшек дегеніміз не?
4. Дұрыс бөлшек дегеніміз не?
VІ. Сергіту сәті Ой толғаныс
Сөзжұмбақ
1. Алымы бөліміне тең немесе одан үлкен бөлшек (Бұрыс)
2. Жазықтықтың шеңбердің ішіндегі бөлігі, шеңбердің өзімен қоса алғандағы фигура не деп аталады? (дөңгелек)
3. Тең бөліктер қалай аталады? ( үлестер)
4. Геометриялық фигура (шаршы)
5. Құрамында мәнін табу қажет болатын әріпті өрнек (Теңдеу)
6. Ең кіші жай сан (Екі)