Өтілген пән: Еңбекке баулу
Сабақтың тақырыбы: Қатырма қағаздан жасалған тунель композициясы. (2сағат).
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға қатырма қағаздан Ұшып бара жатқан құс бейнесіндегі тунельді жасауды үйрету; тунельдің жасалу түрлерімен таныстыру.
Дамытушылық: Тунель компазициясын орындай білу білік, дағдыларын қалыптастыру. Ойлау қиялын дамыту.
Тәрбиелілік: Эстетикалық талғамдарын жетілдіре отырып әдемілікке, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сарамандық жұмыс.
Сабақтың әдісі: көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап.
Көрнекіліктер: Түрлі түсті қағаздар, қайшы, желім, оқулық, слайд.
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалімнің әрекеті
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сыныпты 4 - топқа бөлу. Өз қалаулары бойынша
Оқушының әрекеті: Керекті құрал - жабдықтарын алу. 4 - топқа бөлінеді.
Психологиялық дайындық
Еңбекке баулу пәнінің ұранын айтады.
Бес саусақ жаттығуы
Үй тапсырмасын тексеру (Жасап келген қол еңбектерін көрсетеді).
Қатырма қағаздан украин халқының ұлттық бас киімін жасап келу
Оқушылардың жасаған қол еңбектерін тексеріп, бағалау.
Оқушының әрекеті
Топтың ережесін сақтау
- Мұғалімді тыңдау;
- Рұқсатсыз орынан тұрмау;
- Топ мүшелерін, яғни бір - бірін тыңдау;
- Ақылдасу, өз пікірін ортаға салу;
- Ауызбіршілікте, ынтымақтастықта болу;
- Біреудің ойын бөлмеу;
- Керекті құралдарды дұрыс пайдалану, бөлісу;
- Жауапкершілікті сезіну
Еңбек қауіпсіздігін сақтау ережесін айтқызу
Қауіпсіздік ережесін айтады.
- Қағаз бен қайшы көзден 30 - 40 см арақашықта болуы керек;
- Қайшыны біреуге ұсынған кезде жүзін өзіне қаратып ұстайды.
- Қайшыны арнайы қорапта сақтайды;
- Жұмысты аяқтаған соң қайшының жүзі жауып қояды;
Жаңа сабақ.
Ой қозғау.
Кіріспе әңгіме. Суретпен жұмыс.
- Суреттен не көріп тұрсыңдар? (үйдің, судағы балықтың, табиғаттың суреті бейнеленген).
- Неден жасалған деп ойлайсыңдар? (Қағаздан жасалған)
- Қалай ойлайсыңдар. Қалай жасалынғанын? (Рамканың ішіне салынып жасалған).
Қызығушылықтарын ояту.
1. Слайдтан Қатырма қағаздан жасалынған тунельді көрсету.
2. Әр түрлі табиғат, жануарлар, гүлдер, ғимараттар бейнеленген тунель түрлерімен таныстыру
Сергіту сәті
Тураймыз, тураймыз,
Тураймыз да, жылаймыз.
Мәтінмен жұмыс.
Әр топқа мәтін беріледі. (Тунельдің анықтамасымен танысады).
Туннель, тоннель – темір жол жерлерін, көлік және жүргіншілер жолын, су жүретін құбырларды, т. б. салуға арналған коммуникациялық құрылыс; темір және автомобиль жолдарын, жаяу өткел, қатынас жолдарын және т. б. салу үшін арналған биіктігі шығып тұрған құралымдарға дейін 2 м және артығырақ бойлай жер астындағы ғимарат.
Мәтінді талдап, түсініктерін сұрау. (Өз түсініктерін айтады).
Слайд арқылы жаңа сабақты түсіндіру. (Сабақты зейін қойып тыңдау)
Тәжірибелік жұмысқа әзірлік.
Балалар, біз бүгінгі сабақта, анық сондай ғимараттар болмасада, сол іспеттес тунель жасаймыз.
Сендер күн батарда ұшып бара жатқан құсты жасайсыңдар.
Ол үшін: (Слайдтан көрсету)
1 топқа 4 қатырма қағаз жеткілікті
- Ақ түсті қатырма қағазда аламыз (Топтан 2 оқушы ақ қатырма қағазды алады алдарына)
- Сызғыш пен қарындашты қолға аламыз.
- Қатырма қағаздың ұзындығын өлшеп, қақ ортасынан белгілейміз.
- Сосын белгіленген нүктеден оңға және солға қарай 3см белгілеп аламыз (Сызғашпен өлшеп, нүктелермен белгілейді).
- Парақтың екі ұшынан яғни басынан соңынан 3см белгілеп аламыз. (Екінші басында белгілеп алады)
- Дәл осы қағидамен парақтың екінші басын өлшеп, екі басын сызықпен қосамыз. (Нүктелерді бір - біріне сызық арқылы қосады).
- Үлгідегідей, гармошка етіп бүктейміз. Арасын желімде. (Келесі 2 оқушы
Гармошка етіп бүктеп, арасын желімдейді).
Үзіліс. 2 - ші 45 - мин.
Психологиялық дайындық жасату
Тәжірибелік жұмыс кезеңі
- Ақ қатырма қағаз аламыз (2) циркульмен шеңбер сызып аламыз (Келесі 2 оқушы циркульмен шеңбер сызады).
- Парақты жыртып алмай, ұқыптылықпен шеңберді қиып аламыз; (Келесі 2 оқушы қиып алады).
- Дайын болған қатырма қағазымызды бір - біріне бекіту үшін, бірінші даярлаған гармошка іспеттес қағазға қызыл түсті қатырма қағазды жапсырамыз. (Дайын болған қатырма қағазымызды бір - біріне бекіту үшін, бірінші даярлаған гармошкы іспеттес қағазға қызыл түсті қатырма қағазды жапсырады).
Енді, суретте берілгендей, күн. Ұшып бара жатқан құстарды бейнеле.(1оқушы күнді, 2оқушы құстарды, қалған екі топ мүшесі қиылған шеңберлі қағазды жапсырады. Дайын болған күнді. Құстарды ретімен жапсырып отырады).
- Бейнелеп болғаннан кейін шеңбер болып қиылған қатырма қағазды жапсыр.
Жаттығу жасату
Өз ойыларыңмен, тунельді әсемдеңдер. (Топ мүшелері ойласа отырып, өз ойларымен тунельдерін әсемдейді).
Топтардың жұмысын бақылау, көмектесу.
Көрме ұйымдастыру
Балалар, жасап, болсаңдар көрме ұйымдастырыңдар. (Жасаған тунельдерін көрсетеді, 4 топ бірігіп 1партаға көрме ұйымдастырады).
Сабақты қорыту
Мінекей балалар, сендердің бүгінгі жасаған жұмыстарың қағаздан жасалған тунель деп аталады.
Бағалау: Оқушылардың жұмыстарын бағалап, мадақтау; (Бағаланады).
Үйге тапсырма: Осылай үйде басқада заттардың аппликациясын жасап көр.
Күнделіктеріне жазып алады.