Ассирия мақал-мәтелдерінен
Жайдақ су жәй ағады.
Түлкінің алдағанынан арыстанның талағаны артық.
Өлген ит үрмейді.
Ерін ауыстырғаны болмаса, есегі сол екен.
Сынған қол – иықтың соры.
Иесі үйге қайтса, иті де оралады.
Жаз – жарлыныкі,
Қыс – әлдінікі.
Жеміс жеміске қарап өседі.
Домаланған тасқа мүк тұрмайды.
Кәрі ит, шоқиып отырмаса,
Үре алмайды.