Әбу Сәрсенбаевтің өлеңі Сен құрметте оны, қарағым

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Әбу Сәрсенбаевтің өлеңі Сен құрметте оны, қарағым! өлеңі.
Сабақтың эпиграфы: Ер есімі - ел есінде.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Әбу Сәрсенбаевтің Сен құрметте оны, қарағым! өлеңімен таныстыру. Ұлы Отан соғысы кезіндегі батырлармен, қаһармандарымен таныстыру.
Міндеттері: Өлеңді мәнерлеп оқу арқылы оны құрылысына қарай талдату. Соғыс кезінде жанын аямай қатысқан батыр - қаһармандарды естеріне түсірте отырып, оларды сыйлап, құрметтеп, мәңгі бақи естерінен шығармауға шақыру.
Сабақ барысында шығармашылық ой - қабілеттерін, тіл байлықтарын дамыту.
Сабақтың көрнекіліктері: Қаһармандардың, батырлардың суреттері(Әлия, Мәншүк, Бауыржан Момышұлының портреттері, жергілікті Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлердің суреттері, Қаһармандар - Жәнібек Елеусов, Қыдыран Туғанбаевтың де суреттерін көрсету)
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, сын тұрғысынан ойлау, әңгімелеу.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру. Алдын - ала берілген үй тапсырмасын сұрау:
1. Қазақ халқының қандай батырларын, қаһармандарын білесіңдер?
2. 1941 - 1945 жылдары қандай оқиға болып өткен?
3. Ұлы Отан соғысына қатысқан қандай қаһармандарын білесіңдер?

Тақтада Қадыр Мырзалиевтің өлең жолдарынан үзінді жазулы, оны мәнерлеп оқып, мүгедек, аяғы жоқ атаның суретін көрсету.
Соғыстың құны - кесілген білек
Соғыстың құны - тесілген жүрек
Соғыстың құны - лаулаған орман
Соғыстың құны - уланған арман
Соғыстың құны - өртенген аспан
Соғыстың құны - төгілген жас қан....
4. Екінші дүние жүзілік соғыс туралы не білесіңдер?
5. Ауылдарыңда соғыс мүгедектері, соғысқа қатысқан адамдар бар ма? Олар кімдер, аты - жөнін білесіңдер ме?
6. Ондай адамдарды көрген кезде сендерді қандай сезім билейді?
7. Бар болса, сендер ол адамдарға қандай көмек көрсетер едіңдер?
Оқушыларға Әбу Сәрсенбаевтың Сен құрметте оны, қарағым! өлеңін мәнерлеп оқытып, мазмұнына және құрылысына қарай талдату.

Сабақты қорытындылап бекіту
Үйге тапсырма Менің ардагер - атам атты шығарма жазып келу


Скачать


zharar.kz