Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай ауылы,
Х.Наубетов атындағы орта мектептің тарих пәні мұғалімі
Шұханова Эльмира Маратқызы
Сабақ тізімі:
1. Азияның оянуы
2. Қазақтардың рухани мәдениеті, салт-дәстүрлері, діні, ұлттық мейрамдар
10 сынып
Сабақтың тақырыбы: Азияның оянуы
Сілтеме: Білім стандарты, пән бағдарламасы, 10 сынып дүние жүзі тарихы
Жалпы мақсаттары: 1. Иран, Қытай, Түркиядағы революциялардың басты себептерін басты капиталистік мемлекеттер: Англия, Франция, Германия, Ресей, Италия, АҚШ, Австрия - Венгрия елдерінің Азия елдерінің ішкі істеріне араласу саясаттарының мақсаты мен әрекеттерін түсіндіру.
2. Оқулық картасын, оқулық материалы мен интерактивті тақтаны, кестені қолдана отырып тақырып бойынша оқушылардың кең көлемді білім алуын қамтамасыз етуге тиімді жағдай туғызу.
3. Әділеттік, тәуелсіздік үшін күрестегі халықтардың арман–мақсаттарын түсіну, қолдау сезімдерін тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: • Иран, Қытай, Түркиядағы революциялардың басты себептерін түсіне алады.
• Англия, Франция, Германия, Ресей, Италия, АҚШ, Австрия - Венгрия елдерінің Азия елдерінің ішкі істеріне араласу саясаттарының мақсаты мен әрекеттерін жөнінде білімдері толығады.
• Тәуелсіздікке жету жолындағы халықтың арман - мақсатын бөлісе отырып, оқушылар өзге елдердің тарихын оқи отырып, өз еліне деген сүйіспеншілігі оянады, ұлтжандылыққа тәрбиеленеді.
Негізгі идеялар: Азияның оянуы, Жас түріктер, Үш қағидат, отар елдер, т. б.
Қолданылатын әдіс - тәсілдер: Мәтінмен жұмыс, сұрақ - жауап, сергіту
Ресурстар: дүниежүзінің саяси картасы, интерактиві тақта, стикер, суреттер, кестелер, үлестірмелі парақша, маркер, А4 формат, смайликтер.
Сабақ барысында жүргізілетін жұмыстар
Мұғалімнің әрекеті
А. Қолайлы ахуал туғызу, оқушылардың көңіл күйін анықтау.
Б. Оқушыларға түрлі – түсті смайликтерді беру арқылы 3 топқа бөліп отырғызу.
Үй тапсырмасын сұрау (8 мин)
І. Сыныптағы оқушының әрқайсысына А, Ә, Б және В әріптерімен қоса төрт - төрттен үлдірленген карточкалардың жинағын дайындайды. Жауаптың төрт нұсқасы бар сұрақтар қояды.
ІІ. Крестиктер - нолдіктер
1. Мұғалім әр топқа кезектесіп интерактивті тақтадан сандар таңдауды ұсынады.
1 2 3
4 5 6
7 8 9
2. Мұғалім сол нөмірдегі сұрақты оқиды.
Білу және түсіну (15 мин)
Мәтінмен жұмыс.
І. Үш топқа жаңа сабақтың тақырыпшалары бөліп беріледі.
1 - топ: Ирандағы конституциялық қозғалыстың негізгі кезеңдері
2 - топ: Ирандағы конституциялық қозғалыстың дәуірлеу мәселесі
3 - топ: 1906 - 1907 жылдардағы конституция
ІІ. Мұғалім топтардағы әр бір оқушыға Қытай және Осман империясы деп жазылған парақша суыртады.
Сергіту сәті
Интерактивті тақтадан қимыл - қозғалыс бейнеленген бейнеролик жібереді.
Талдау, жинақтау 1.
Ыстық орындық . Әр топтан бір оқушыдан шығып, ортадағы орындыққа жайғасады. Орындықтағы оқушыға 10 сұрақтан қойылады.
2. Лездеме
Әр топтан бір оқушыдан шығарады.
Бүгінгі сабақтың негізгі сөздерін түсіндіру үшін бір минут береді. Сөздер: Азияның оянуы, Жас түріктер, Үш қағидат
Толық нұсқасын жүктеу
Толық нұсқасын жүктеу