Даналығын халқымның мақтан етем

Скачать

Даналығын халқымның мақтан етем.

Мақсаты. Оқушылардың бойында әдептілік, алғырлық қасиеттерін, ұлы ғұламалардың сөздерін жатқа айту қабілеттерін дамыта отырып қалыптастыру, аталы сөзден ғибрат алуға, әдептілікке, сыпайылыққа, тәрбиелеу.
Барысы.
1 - жүргізуші. Достым, бүгінгі кеш сайысы ерекше сияқты, айналаңа қарасаң саған бәрі ақыл айтып тұрғандай, оның үстіне қонаққа келген ұлағатты ұстаздар мен жолдастарымның алдында бір түрлі қиналып тұрмын.
2 - жүргізуші. Несіне қиналып тұрсың. Алдымен амандасайық, Сөз атасы - сәлем деген емес пе?!
1 - жүргізуші: Армысыздар, ұстаздар, ата – аналар!
2 - жүргізуші: Бармысыздар оқушылар!
1 - жүргізуші: Бүгінгі өткізілгелі отырған Даналығын халқымның мақтан етем атты сайысқа қош келдіңіздер!
2 - жүргізуші: Ендеше бүгінгі кешке келгендеріңізге тіптен де ренжімейсіздер, себебі бүгін көптеген аталы сөздермен, ақылдың кені бабалар өсиетімен танысасыздар.
1 - жүргізуші: Олай болса, сайысқа қатысып кешімізге нәр беретін сайыскерлерімізді ортаға шақырайық! (Сайыскерлер, яғни оқушылар - ұлттық киімдерімен ортаға шығады.)
2 - жүргізуші: Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Ата жолын жалғамақ,
Ел дәстүрін қолдамақ,
Ел намысын қорғамақ,
Топтар шықсын ортаға.
1 - жүргізуші: Қайсысы күйші, кім биші,
Талабына қарайық.
Кімдер зерек, кім жылдам,
Таланттарын табайық.
2 - жүргізуші: Оу, достарым, бұл топтардың өнерін бағалайтын әділқазы алқасы болмаушы ма еді?
1 - жүргізуші: Дұрыс айтасың!
Ақты ақ деп, аққа жақ боп баға берер
Алқасы әділқазы – кемеңгерлер.
Беріңіздер әділ бидей әділ баға,
Шындықты ұрпақтарың сонда көрер.(Әділқазы алқасымен таныстыру)


Скачать


zharar.kz