Тақырыбы: Табиғат бұрышындағы тіршілік (өсімдіктер мен жануарлар)
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік орта. Шығармашылық
Оқу - іс - әрекеті: Тіл дамыту. Экология негіздері. Музыка
Мақсаты: Табиғат бұрышындағы жануарлар (балықтар, құстар, қоян), өсімдіктер туралы түсінік беру.
Білімділік міндеттері: Жануарлар мен өсімдіктердің келтіретін пайдасы және оларды қорғау жөніндегі білімдерін кеңейту.
Дамытушылық міндеттері: Табиғат бұрышындағы жануарлардың тіршілігі туралы мағлұматтар бере отырып, оларға қамқорлық жасауға баулу.
Тәрбиелік міндеттері: Табиғатты қорғау.
Көрнекілік: Табиғат бұрышы, суреттер.
Әдіс - тәсілі: Сұрақ - жауап, көрсету, түсіндіру.
Сөздік жұмыс: Табиғат бұрышы, қоректендіру.
Билингвалдық компонент: қоян - заяц, балық - рыба.
Іс - әрекеттер кезеңдері
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Шаттық шеңбері.
Қол ұстасып кәне біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге!
Табиғатым тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Табиғатты аялап.
Жүрейікші жараса
Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Дұрыс. Қазір жылдың қыс мезгілі.
- Балалар табиғат дегеніміз не?
- Табиғат дегеніміз - жануарлар, құс, өсімдік, бізді қоршаған орта.
Адам табиғатпен тығыз байланысты
өмір сүреді.
Ал, бүгінгі оқу іс - әрекетімізде Табиғат бұрышындағы тіршілік . Табиғат бұрышы – мектеп, балабақшада тірі хайуанаттар орналастырылған бұрыш. Мұнда өсімдіктердің көптеген түрлері өсіріледі.
Табиғат бұрышында аквариумде балықтар, торда үй қояндары, тоты құстарды ұстайды. Оларды арнайы күтіп - баптайды.
1 - топ: Жануарлар тобы.
2 - топ: Өсімдіктер тобы
1 - топ: Жануарлар тобы.
Жұмбақ
Аузы бар, тілі жоқ,
Терісі бар, жүні жоқ.
Қанаты бар ұшпайды,
Су астында қыстайды. (балық)
- Балықтарға сипаттама береді.
- Өте жақсы кәне онда жақын келіп көрейік. Балықтар су астында тіршілік етеді, олар уылдырық шашып көбейеді.
Балық туралы қандай ертегі білесіңдер?
2 - топ: Өсімдіктер тобы
Жұмбақ
Көлеңкесінен қорқып безектейді,
Ал оның баласын көжек дейді.
- Бұл не? (қоян)
- Балалар қоянға сипаттама береді.
- Өте жақсы қоян қандай аң?
- Қоян нені жақсы көреді?
- Қояннан басқа тағы қандай аңдарды білесіңдер?
- Қоян туралы қандай тақпақтар білесіңдер?
Ойын: Жануарлардың қорегін тап
1 - топ: Жануарлар тобы.
Тыйым сөз.
Құстың ұясын бұзба!
Құсты атпа!
- Не туралы айтылған?
- Құс.
- Балалар бұл тотықұс.
- Тотықұс - әлемдегі ең әдемі сұлу құстардың бірі. Олардың жүндері,
қауырсындары түрлі - түсті болады. Тотықұстар адам дауысын айнытпай салып, басқа құстарды үркітеді екен. Тоты құстар ыстық жақтарда өмір сүреді. Қазір адамдар оларды қолға үйретіп алған