Айтылған сөзді қайталаған дұрыс

Скачать

Адами қарым - қатынастағы адами қасиетті үйрену .
"Психолог сөйлейді" ойыны
Психолог топтың алдында тұрады және балалардын әлдебір әрекетті орындауды, бірақ оны тек "Психолог сөйлейді" деген сөзден кейін жасайтыны айтылады. Психолог осы сөздерді айтқан кезде, оның артында балалардың қайталауы керек оңды әрекеттер жалғасуы керек. Егер психолог "Психолог сөйлейді!" - дегенді айтпай әлдебір әрекетті орындайтын болса, оны қатысушылар қайталап жасамауы керек. Психологтан кейін осы әрекетті қайталаған бала ойыннан шығады. Ойын қызықты, балалардың босаңсуына уақыт бермей тез қарқынмен жүргізілсе мүлдем қызықты болады.
Бұл ойын балалардың назарын ғана дамытып қоймайды, сонымен қатар өзінің әрекеттерімен балаларға үлгі беретін психологтың өзін де тәртіпке салады.
Ойындар ата - аналардың қатынасуы олардың балалық "Менін" оятып, бала болу қандай екенін естеріне салады және ата мен бала арасындағы түсінбеушіліктерден шығуға мүмкіндік береді.
Адамның жеке сүйікті ісі болуы керек. Сол үшін баланы кішкентайынан бастаған ісіне дұрыс қарауға үйретеміз. Әрбір іс істегенде ұқыптылық, тазалық болуы тиіс. Өзіңді – өзің қадірлеу өзгемен жақсы қарым – қатынас жасатады. Өзіңді өзің үрейлендірмей, өз жаныңа мейрімді бол, сөзіңізге жауапкершілікпен қараңыз. Адаммен сырласу ең басты жолы. Адам туралы жаман айту, сөгу ол кез – келген ақылсыз адамның қолынан келеді. Басқа адамды бағалау, жақсы сөз айту өзге адамды жақсылыққа итермелейді. Әр нәрсе ұнаса үндемей қалудан қашыңыз. Өз жүрегіңізді шынымен айтыңыз, мақтау айтуыңызды аямаңыз. Біреуге шын жүректен айтылған мақтау сөздер мәңгі есте қалады. Барлығына кешірімді бол. Табиғат қарым - қатынас тірегі. Табиғатты дұрыс пайдаланбасаң ол бізді жазалайды. Табиғат - бізге денсаулық. Табиғат біз үшін қуаныш, өйткені табиғат бізге көңіл – күй береді. Көңілсіз болсақ табиғатқа қарап өзімізді өзіміз басамыз. Теңізге қарап Алладан тілек тілеп, арманымыз орындалуын сұрап, шүкіршілік етеміз. Көңілді болсақ гүлге қарап, иіскеп, көңілденіп қаламыз. Мәдениетті болу - мәдениетті жерлерге барғанда өзіңді - өзің ұстау: Мысалы: Мектепте, ауруханада, театрда т. б.
Мен өмірдегі бақытты адаммын. Мен өмірге құштармын. Өмірді сүю керек. Өзіңді – өзің сыйлауың керек. Бақытқа қол жеткізу өзіңе байланысты. Өзіңнің ішкі жан дүниең таза болу керек. Өзіңнің жаман ойларыңды, қорқақтығыңды, біреуді жирендіру ойыңды әр уақытта тізгіндей білу керек. Адам ойының ең таң қаларлық ісі жаман ойдан жақсы нәрсе шығару. Жеңіліп тұрып қуана алсаңыз сол өмірдегі ең мықты адам. Егер өзіңнің досының, әріптесіңнің жан дүниесіне үңіле алмасаң, ол сені не үшін ойлау керек. Дос табу оңай емес. Дос болу адамдарды түсіну, тыңдау екі жақтың жақсы қарым – қатынасы. Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын - дегендей, бір мысал келтірейік. Ертеде бір кісі ажал аузында жатқанда жанына жан алушы келген. Ажал аузында жатқан кісі және маған бір неше күндік өмір берші деп сұрайды. Сонда жан алушы әлгі кісіге өмірде неше досың бар, айтшы, мен саған сонша күн өмір берейін депті; - ал, әлгі кісі үнсіз қалыпты. Себебі, осы өмірде ешбір адаммен дос бола алмапты. Сөйтіп қайтыс болып кетіпті.
Жақсының жақсылығын айт, нұры тассын.
Жаманның жамандығын айт, құты қашсын дегендей; - әрқашанда жақсы сөз айта білу керек, оның адам жүрегінде орны бір бөлек. Адамды бағалай, аялай, сыйлай білу керек. Адамдарға осы өмірдің қадірін айта жүру керек. Адам тастан қатты, гүлден нәзік - дейді.
Адамның жақсы адам болып қалыптасуына үш нәрсе әсер етеді .
1. Ана.
2. Ұстаз.
3. Қоршаған орта.
Абай Құнанбаев.

Тренингтер:
І."Құнды қасиет беру" ойыны
Қорапшаның айналып жүруі тоқтатылады. Сол сәтте кім қорапшаны ұстап тұрған болса, сол оның ішінен бір парақ қағазды шығарады және онда жазылғанды орындайды. Күні бұрын даярланып қойылуға тиісті мұндай парақтарда коррекция сабақ тақырыбы бойынша қандай да бір әрекет жазылып қойылады.
Ойының қорытындысы бойынша:
- шындақты айтудың мәні қандай екені туралы өз пікірін айтуға;
- адамдық секілді мінездің қасиеті, ән айту немесе өлең оқып беруге;
- құндылықтың қатысы бар белгілі фильмді (әңгімені, ертегіні) немесе содан алынған бір көріністі әңгімелеуге болады.

ІІ. "Кімде қандай қасиет бар" ойыны
Малдың түрі бейнеленген карточкаға балалар оның қаситін көрсететін сөз жазылған басқа карточканы таңдап алады. Мысалы, ит және иесіне берілгендік, түлкі және айлакерлік, түйе және такаппарлық және т. б.
Ойын барысында оң және теріс қасиеттердің сырт көріністен белгілі екенін түсінеді.

ІІІ."Сүйіспеншілік" ойыны
Бұл ойын барысында қатысушылар бір - біріне деген сүйіспеншілігін, жақсы көретініндігін неше түрлі теңестіру сөздермен жеткізуі керек.
Психолог бағыттаушы сөзді таңдап айтып, ол сөзбен өзінің түйіспеешілігін білдірген адамына допты береді. Ойынға қатысушылар сол аймақтағы жылы сөздерді айтып, допты келесі ойыншыға лақтырады. Айтылған сөзді қайталаған дұрыс. Сондықтан бір оқушы айтылған сөздерді тақтаға жазып отыруына болады.
Ойын соңында қатысушылар құнды қасиеттерді білдіретін бірнеше сөздер жинақтап, олардың адам өміріңдегі маңызы туралы әңгімелеседі.

ІV. "Бір - бірінің жақсы мінезі мен қылықтарын айтып, мадақтау" ойыны.
Балалар шеңбер бойынша дөңгеленіп отырады. Жүргізуші "сиқырлы таяқшаны" отырғандардың біріне ұсынады. Ол жанындағы баланың жақсы жақтарын айтып, мадақтайды да таяқшаны оған береді. Ол осы ретпенен таяқшаны келесі адамға ұсынады. Ойын осылай жалғаса береді. (Ондағы айтылатын жағымды сөздер мынадай болуы мүмкін: Айгүл, сенің даусың қандай керемет!, Гүлнар, сенің жүзің сондай мейірімді көрінеді!, Марат, маған сенің ақкөңілділігің ұнайды, т. с. с.) Соңында балалар бір - біріне жақсы көңілі мен пікіріне рахмет айтып аяқтайды.

Совет Одағының Батыр Мәди Бегенов
атындағы жалпы білім беретін орта
мектеп ММ - нің педагог - психологы
Исаева Зауре Муфтыевна


Скачать


zharar.kz