Тақырыбы: "Алтын күз - 2013" байқауы
Мақсаты: Күз туралы және күзгі табиғат құбылыстарының ерекшеліктері
жөнінде мәлімет бере отырып, балалардың музыкаға деген қызығушылығын арттыру. Сөздік қорларын молайту, білімдерін дамыту. Тапқырлыққа, ізденімпаздыққа жетелеу, ой – өрісін дамыту. Табиғатты аялауға, қорғауға баулу.
Тақырыбы: Алтын күз - 2013 байқауы
Ұйымдастырушы: музыка жетекшісі: Марат Роза
Мақсаты: Күз туралы және күзгі табиғат құбылыстарының ерекшеліктері жөнінде мәлімет бере отырып, балалардың музыкаға деген қызығушылығын арттыру. Сөздік қорларын молайту, білімдерін дамыту. Тапқырлыққа, ізденімпаздыққа жетелеу, ой – өрісін дамыту. Табиғатты аялауға, қорғауға баулу.
Жүргізуші: - Бейне нұрлы көкте күн,
Білсең өмір – Көктемің.
Айқара ашар есігін,
Хош келдің! – деп көкте күн.
Балдырғандар! Бұл мәлім,
Еркелігін тастайды.
Қыркүйекте бақшада,
Оқу жылын бастайды.
Соңғы айы бұл күздің,
Бақшада ойын ойнаймыз.
Күзгі балын бақшаның,
Қарашада тойлаймыз!
- Құрметті балдырған бүлдіршіндер, апайлар! Бүгінгі Күзгі бал мерекесіне хош келдіңіздер!
Құлақ түрсең аңдай қағып,
Күз кеткендей әнге айналып.
Жел сыңсытса, қобыз тартып,
Қыр тыңдайды таңдай қағып – деп ортаға бүгінгі байқауға қатысушы талапкерлерімізді шақырамыз, сіздердің қошеметтеріңізбен!
- Салқын тартып түз демі,
Білдіреді күз нені?
Шым еткізер жүректі,
Тырналардың тізбегі – деп ортамызға Ортаңғы А Алтын кілт тобын шақыруға рұқсат етіңіздер.
- Ызғырықты жел өтіне,
Шыдап баққан тербетіле.
Ағаш біткен шашып жатыр,
Алтын теңге жер бетіне – ортаға Ортаңғы Б Күн шуақ тобын шақырамыз.
- Тұратұғын құлап көктен,
Күнде салқын қыратты өпкен.
Момақансып, сылдыр қақпай,
Жылтырайды бұлақ біткен – қошеметпен ортаға Ересек Балдәурен тобын шақырайық.
Алтын шашты алтын күз!
Сары шашты жарқын жүз.
Мол өнімді әр ісімен,
Риза етті халқын қыз.
Қыры толы егіске,
Бағы толды жеміске.
Елді сыйға кенелтті.
Қолы ашық періште.
- Әр жыл мезгілінің өз ерекшелігі бар, балалар. Табиғат қай кезде болмасын – тамаша дүние. Күз келсе – біз сары – қызыл жапырақты тамашалаймыз; қыс түссе – аппақ қарда алысып ойнаймыз; көктемде қабат – қабат тонымызды шешіп, күн сәулесіне қыздырынып, жаңадан бүршік атқан талдарды, ұшып келген құстарды көріп, жаңа өмір басталғандай боламыз; ал жазда – көлге барып, суға түсіп, жазғы демалысымызды ерекше өткізуге тырысамыз.
- Жыл мезгілінің бәрі тамаша. Әйтседе бүгін біз Күзге деген құрметімізді өзінің жылы лебізімен, тәтті тілегімен, сәтті қадам тілейтін балабақшамыздың меңгерушісі: Г. Әзімжанқызына сөз кезегін береміз.