Әңгімелеу тобы

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Жусан иісі
Білімділік мақсаты: Сайын Мұратбеков өмірімен таныстыру. Өз жинаған білімдерін іске асыруларына жол көрсету, яғни сипаттау, әңгімелеу, мінездеме беруді жүзеге асыру.
Тәрбиелік: Жанашырлыққа, аяушылыққа үйрету, қиындыққа төзе білуге баулу.
Дамытушылық: Автордың ойын жалғастыра отырып, қиялдарын, ойларын дамыту, сөздік қорын байыту.
Не болу керек: Автордың негізгі ойын тауып, өз ойларымен жалғастыру, жоспарлау
Жаңа сабаққа дайындық: Топтарға бөлу
1. Әңгімелеу тобы
2. Оқу тобы
3. Ой қорыту тобы
Мұғалім: Осы сабаққа қатысып отырған кісілер өз балалық шақтарыңыздың бір көрінісін еске түсіріп, айтып берсеңіздер. Менің ойымша сіздердің іштеріңізде ешкім балалық шағында қиындық көрмеген сияқты. Осы оқиғаларды еске түсіре отырып, бүгінгі әңгімені Оқу тобы мәнерлеп оқып шықса.
Мәтінмен жұмыс:
1. Мәнерлеп оқу
2. Жаңа жолды бөліп оқу
3. Мұғалім: - Балалар осы әңгіме сендерге қандай сезім тудырды? Аянышты. Олай болса мәтіндегі өзіңе аянышты жерлерін белгілеп отырамыз.
Теріп оқу:
1. Аянның қара қағаз алған жерін тауып оқы
2. Аян кірген қораның ішін сипаттаған жерін тауып оқы
3. Аянның қора ішіндегі кейпін суреттеген жерін тауып оқы
4. Соғыстың адамдарға салған қиындығын суреттеген жерін тауып оқы
5. Аянның балалар үйіне жүруге жиналған тұсын тауып оқы
Мәтінді бөліктерге бөлу, әр бөліктің мазмұнын айту
Ой қорыту тобы - Жоспар құру:
1. Соғыс зардабы
2. Аянға келген қаралы қағаз
3. Аянның қорадағы кейпі
4. Аянның балалар үйіне кетуі
5. Аянды еске алу
6. Жусан иісі
Әңгімелеу тобы толығымен мазмұндайды
Өздік жұмысы:
1. Әңгімеде қай кездегі оқиға суреттелген?
2. Аянның достарымен қоштасар кездегі көңіл - күйі қандай болды?
3. Әңгімеге өзің қандай ат қоясың?
4. Осы әңгіме біз оқыған қандай әңгімеге ұқсайды? Атын жаз.


Скачать


zharar.kz