Абайды айтар кезде абайлайын

Скачать

Орындаған: 9 сынып оқушысы Қабылашимова Айгерим

Абайға арнау

Өр рухты, дана тұлға, дара Абайым,
Дәл сіздей тау тұлғадан айналайын
Сіздей ешкім түсінбес қазақ халқын
Дәріптейік ұлы Абайды ау ағайын!

Шортанбай, Шөжелерді тыңдап өскен,
Анасы Ұлжан да оның шешен дескен
Абайдың қара өлеңін оқығанда
Әсер алмай қоймайсың, оқып тектен.

Қара өлеңмен өрнектеп елдің жайын,
Асқаралы бабаның тілері ләйім
Орындалсын қалауы, ел - жұртымның
Тірілсін деп тілеген ол әрдайым

Ибраһим, яғни Абай, дара тұлғам,
Өзгелерден өзгерек баба тұлғаң.
Мен үшін сен бір шыңсың, қол жетпейтін
Елім деп елжіреген ерте жастан.

Өмірі өтті ұлағатты ісіменен,
Кең жүрегі, ақыл берер ойыменен,
Айналдым Зере менен анасынан
Тәрбиелеп, өмір беріп, оны өсірген.

Абайды айтар кезде абайлайын!
Абайлап, әр сөзіме қарайлайын.
Абайды айтсам бітпейді сөздің соңы,
Қош, сау жүр, қазақ деген нар ағайын!


Скачать


zharar.kz