Бой сергіту сұрақтарға жауап беру

Скачать

Қазақ тілі 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Сан есім бекіту сабағы (слайдымен)

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: сан есім және оның жасалу жолдары мен түрлеріне байланысты білімдерін ауызша жазбаша талдау жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін бекіту;
2. Дамытушылық: ойлау қабілетіне әсер ету арқылы оқушылардың өздігінен жұмыс әрекеттерін дамыту, сөздік қорын молайту, өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру, сөйлеу шеберліктері мен тіл байлықтарын дамыту;
3. Тәрбиелік: оқушыны ойлылыққа жетелеу, пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, туған тілін сүюге, Тәуелсіз Егеменді еліміздің тұғырын биік ұстап тануға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: бекіту сабағы
Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс, жұппен жұмыс, деңгейлік тапсырмалар, тірек сөздермен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: бағалау парағы, фишкалар, бөшке, слайд, смайликтер.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих

Сабақтың барысы:
Сәлемдесу, түгендеу.
Оқу құралдарын түгендеу, назарларын сабаққа аудару.
- Қыс мезгілі биылғы жылы қандай болар екен?
- Демалыс күндері алғашқы қар жауып, ауылымызды, мектептің алдын бір - екі күнде қар басып қалыпты.
- Ендеше, балалар, мектепке кіру үшін біз күрекпен қарды шығарып, қар салатын жұлдызды үш жәшік жасауымыз керек.

Мұғалім: Бүгінгі жастар – халқымыздың болашағы: еліміздің ертеңі. Оқушылардың ой - өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шыңдайтын, білімді жастарды анықтайтын, білімге қызығушылықтарын Бақытты сәт атты ойынымызды бастаймыз.
Білімді адам ешнәрседен қорықпайды, мазасызданбайды. Ол әр уақытта да батыл. Сондықтан бүгінгі Сан есімді қайталау сабағымыздың эпиграфы:
Өмірдің өзі адамды тірестірген,
Бірі жаңа, жарыстың бірі ескірген.
Айнала отырып ап исі қазақ,
Азаматын өзара күрестірген.
- деп, ойынның барысына тоқталсақ, сайыс 5 гейімнен тұрады.

Ойын бағдарламасы:
- 1. Бой сергіту сұрақтарға жауап беру
- 2. Бөшкеден шыққан бас қатырғылар.
- 3. Жұмбақтас
- 4. Сен маған, мен саған үй тапсырмасы
- 5. Көсемдікке ұмтылу.
-
Мұғалім: - Ойынымызды бастамас бұрын сараптаушы - бақылаушы алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.
Ескерту: Әр кезектен кейін ұпай саны хабарланып отырады.

Мұғалім: - Сәлемдесу - игі дәстүр киелі,
Сөзбен қарап, кейде шешер шиені.
Жақсы сөзге жан семірер қашанда,
Жолданады сайыскерлер сәлемі!
Сәлем – сөздің анасы!

1 топ.
Біздің топ: Ақ жебе
Біздің ұран: Қандай сынақ болса - дағы беріспе,
Әрқашанда үміткер бол жеңіске!

2 топ.
Біздің топ: Қаршыға
Біздің ұран: Білекті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады.

- Бәрекелді, олай болса, ойынымыздың Бой сергіту геймін бастайық.
Командаларға 10 сұрақтан беріліп, оларды талдауға 5 минут бөлінеді. Команда жауап береді, ал бәсекелес команда жауаптың дұрыстығын үлгі бойынша қадағалап отырады. Сұрақтарға ең көп жауап берген команда ұтады. ұпай санын хабарлау, фишкамен бағалау .

1 - гейм Бой сергіту
1 -топ
1. Сан есімге ереже бер.
2. Сан есім қалай түрленеді?
3. Жинақтық сан есімнің жұрнақтарын ата?
4. Болжалдық сан есімдер цифрмен жазылғанда, оларға жалғанатын қосымшалар қалай жазылады?
5. Реттік сан есімдер қандай жұрнақтар арқылы жасалады?
6." Ондаған" сөзін тұлғасына қарай талда.
7. Бөлшектік сан есім дегеніміз не? Мысал келтір.
8. Ондық бөлшек қалай жасалады? Мысал келтір.
9. Топтау сан есіміне сипаттама беріңіз.
10. Сан есім қандай сөйлем мүшесін атқарады?



Скачать


zharar.kz