АЖай бөлшектерге амалдар қолдану5 сыныпСабақтың тақырыбы

Скачать

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 5. 2АЖай бөлшектерге амалдар қолдану
5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектерді қосу және азайту
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
5. 1. 2. 17 бөлімдері бірдей бөлшектерді қосу және азайтуды орындау
5. 1. 2. 18 бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қосу және азайтуды орындау
Сабақтың мақсаты: Барлығы:
- бөлімдері бірдей және бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қосу және азайту мен натурал саннан бөлшекті азайтудың ережесін біле отырып, есептер шығарады
Кейбіреуі:
- жай бөлшектерді қосу және азайту амалын мәтін есептер шығаруда қолдану
Бағалау критерийі: 1. бөлімдері бірдей және бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қосу және азайтудың ережесін біледі;
2. натурал саннан бөлшекті азайтады;
3. бөлімдері бірдей және бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қосу және азайтуға есептер шығара алады;
4. жай бөлшектерді қосу және азайту амалын мәтін есептер шығаруда қолдана алады;
Тілдік мақсаттар: Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Қосу, азайту, алым, бөлім, жай бөлшек, дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек
Диалогқа жазылымға қажетті тіркестер:
- бөлімдері бірдей бөлшектерді қосу (азайту) үшін,... керек;
- бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қосу (азайту) үшін,... керек;
- толықтауыш көбейткішті табу үшін,... керек;
- бірінші бөлшектің толықтауыш көбейткіші... болады;
Құндылықтарға баулу:
- Өз бетімен, топпен жұмыс жасау мәдениетін дамыту
- бірін - бірі сыйлауға, бірлікке, ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа үйрету, сыни тұрғыдан ойлау, жауапкершілікке баулу
Пәнаралық байланыс: Информатика, геометрия
АКТ - ны қолдану дағдысы: Интерактивті тақта, презентация, видеоролик
Алдыңғы білім Жай бөлшек, дұрыс және бұрыс бөлшек ұғымын біледі; натурал сандардың ең кіші ортақ еселігін таба алады

І. Ұйымдастыру кезеңі 3 мин
Оқушылармен амандасып, оларды түгендеп, сабаққа дайындығын тексеру.
Оқушылар арасында белсенділікті арттыру мақсатында топтарға бөлінеді
Мұғалім үй тапсырмасын сабақ соңында оқушылардың жұмыс дәптерлерін жинап, тексереді. Өткен сабақты қайталау мақсатында оқушыларға сұрақ қойылады:
- Жай бөлшек дегеніміз не?
- Жай бөлшектің неше түрін білеміз?
Осы сұрақтың жауабын (дұрыс, бұрыс, аралас сан) білгеннен кейін сол бойынша оқушыларға кеспе қағаздары таратылып аралас топқа бөлеміз.
І топ: дұрыс бөлшектер
ІІ топ: бұрыс бөлшектер
ІІІ топ: аралас сан

ІІ. Миға шабуыл 15 мин
І топқа 1 - тапсырма:
Оқушыларға жұптасып, 2х4 өлшемді тіктөртбұрыш салу және оны бірдей сегіз бөлікке бөлу ұсынылады. 3 8 бөлігін көк түске, ал 2 8 бөлігін қызыл түске боятқызып, сұрақтар қоямын.
1. Тіктөртбұрыштың барлығы қанша бөлігі боялған?
2. Орындалған әрекетті санды өрнектің көмегімен қалай жазуға болады?
Дескриптор:
 2х4 өлшемді тіктөртбұрыш салады;
 тіктөртбұрышты бірдей сегіз бөлікке бөледі;
 3 8 бөлігін көк түске бояйды;
 2 8 бөлігін қызыл түске бояйды;
 Сұрақтарға жауап беріп, қосу ережесін қорытып, формула құрастырады;
Бөлімдері бірдей бөлшектерді қосқанда олардың алымдарын қосып, алым етіп, сол бөлімнің өзін қалдыру керек.

Боран Нысанбаев атындағы орта мектебі
Мұғалімнің аты - жөні: Жұмабаева А.

Жай бөлшектерді қосу және азайту. жүктеу


Скачать


zharar.kz